Шымкент

КӘСІПКЕРЛІК КУРСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ШЫМКЕНТТЕГІ ІРІ ФАБРИКАҒА ЭКСКУРСИЯҒА БАРДЫ


Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы «Тігін өндірісі» курсын бастады. Бұл жоба «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» құралы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Осы мақсатта курсқа қатысушыларды Art School тігім мектебінің басшылығы Шымкенттегі үй текстилін тігетін ірі фабриканың бірі – AGF Group кәсіпорнына алып барды.

– Мұндағы мақсатымыз – бастауыш кәсіпкерлер мен болашақ іскер азаматтарды өнеркәсіптегі жабдықтармен таныстыру және тігін өндірісінің бизнес ретіндегі ерекшеліктерін түсіндіру. Сондай-ақ, экскурсия барысында курсқа қатысушылардың осындай ірі өндіріс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылды, – дейді Art School тігім мектебінің жетекшісі Нулифар Сайдуллаева.

Экскурсияға қатысушылар жергілікті өндірушінің жұмыс көлемі мен ауқымымен танысты. Бірқатары AGF Group ұжымына жұмысқа тұрғысы келгенін айтса, енді бірі осы салада кәсіп ашқысы келетін ойымен бөлісті.

Палата жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының «Тігін өндірісі» курсына бұл кезеңде 20-дан аса қыз-келіншек қатысып, түрлі машықты үйренеді.

– Курсқа қатысушылар бұйымды тігудің технологиялық тәсілдері және әртүрлі тігін бөлшектерін, мата түрлерін және олардың қасиеттерін дайындаудың қыр-сырын, маталар мен материалдардың әр түрімен, соның ішінде оларды өңдеу режимдерімен жұмыс істеуді, тігудің негізгі технологияларын меңгереді. Сонымен қоса өнім шығаруға қажет техникалық сызбалар мен сипаттамаларды оқиды, дизайнның негізгі принциптері және оларды бірегей киім үлгілерін жасауда қолданады және бизнес негіздері бағыттарын оқиды, – дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-кеңесшісі Майра Балсүгірова.

Айта кетейік, AGF Group – IKEA дүкендеріне төсек жаймаларын жеткізуші фабрика.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *