Шымкент

Жастарға рух сыйлаған фестиваль

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз» деген болатын. Осыған орай, Шымкент қаласында жастарды қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі –12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет «Shymkent  fest» жастар фестивалі өтті.

Естеріңізде болса, «Shymkent fest» жобасы – 5 шілде күні қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен салынған Скейт парк алаңында бастау алған болатын.

«Shymkent fest» жобасының мақсаты – жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау. Сондай-ақ, бұқаралық спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу, сол арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету. Екі ай бойына тартысты да қызықты өткен сайыстың салтанатты жабылуына қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, барша жастарды Халықаралық жастар күнімен құттықтады.

Сонымен қатар, «Shymkent fest» жастар фестиваліне белсене қатысып, жүлделі орыннан көрінген жастарды марапаттап, ізгі тілегін арнады.

Екі айға жалғасқан фестиваль қаламыздағы жастар көп шоғырланған орындарда ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *