Біле жүріңіз

СТАФИЛОКОККТЫ ИНФЕКЦИЯ


Стафилококкты инфекция -бұл стафилококк тұқымдасы (Staphylococcus) бактериялары тудыратын аурулар. Стафилококктар тобына гемолитикалық стафилококк (жоғарғы тыныс жолдарының ауруларын жиі тудырады); эпидермиялық және сапрофитті стафилококктар (негізінен ауру тудырмайды); алтын түстес стафилококк (инфекцияны жиі қоздырады) жатады. Staphylococcus aureus немесе алтын түсті стафилококк – бұл микроскопия кезінде дөңгелек пішінді (кокк тәрізді) болатын бактерия, ол сабақталып өседі және зертханада қолданылатын қоректік орталарда алтын түстес түске енеді, сондықтан іс жүзінде микроорганизмнің атауы «жүзімнің алтын түстес сабағы» дегенді білдіреді.
Инфекция көзі науқастар (адамдар, жануарлар), сондай-ақ сапасыз тамақ өнімдері болуы мүмкін.
Стафилококкты инфекциясының жұғуы: келесі жолдармен:
● Тұрмыстық қарым-қатынас (науқастың жеке заттары арқылы, сондай-ақ ауру жануардан);
● ауа-тамшылық жол арқылы (науқаспен жақын қарым-қатынаста); (көбінесе тұрмыстық қарым-қатынас арқылы таралады);
● нәжіс және ауыз арқылы (ластанған тағам өнімдері, жуылмаған ыдыс-аяқ пен кір қол арқылы);
● вертикальды түрде – туылу кезінде баланың ауру жұқтырған анасының босану каналдарынан өтуі кезінде;
● стационар жағдайында — медициналық құрал-сайманнан, медициналық персонал немесе пациент арқылы.
Стафилококк инфекциясының белгілері: жиі жағдайда дене температурасының көтерілуі және кесілген жерлердің іріңдеуі, ісіну, терідегі және шырышты қабықтардағы іріңді бөртпелер, көздің қышуы және қызаруы; тамақтың жыбырлауы, жұту кезіндегі ауырсыну, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу (көбінесе ауа-тамшылық жол арқылы таралады); жүрек айну, құсу, жалпы әлсіздік, асқазан жұмысының бұзылуы және гастроэнтерит симптомдары (тағам арқылы таралады) сияқты бірқатар белгілер болып табылады.
Стафилококкты инфекция өте ауыр салдарға — пневмонияға, менингитке, остеомиелитке, эндокардитке, сепсиске әкелуі мүмкін, ал дамыған елдерде жүргізілген соңғы зерттеулер бойынша Staphylococcus aureus басқа белгілі инфекциялармен салыстырғанда көп жағдайда тіпті өлімге де әкелген.
Стафилококкты инфекцияның белгілері анық байқалмайды және басқа жұқпалы ауруларға ұқсас болуы мүмкін, сондықтан адам үй жағдайында стафилококкты инфекцияны жұқтыру фактісін өз бетінше анықтап, емделе алмайды. Осы себептен ауырған кезде маманға көрініп, алтын түстес
стафилококқа аналаиз тапсыру қажет, бұл емдеуді тездетуге және инфекцияның қауіпті асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Г.Онласынова,

Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *