Дезинсекциялау және дератизациялау жұмыстарын жүргізу кезіндегі сақтық шаралар туралы не білесіз?
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу үшін Қазақстан Республикасы және Еуропалық экономикалық одақ аумағында қолдануға рұқсат етілген құралдар қолданылады. Дезинфекциялағыш құралдардың қауіптілігі ҚР ДСМ 29.07.2022 ж. №ҚР-ДСМ-68 бұйрығымен бекітілген, «Дезинфекция, дезинсекция және дератизация ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 1-қосымшасында көрсетілген дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының қауіптілік сыныптамасына сәйкес белгіленеді.
Дезинсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені. Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т.б.) қолданылады. Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады.Дезинсекциялық заттарды қолданылу аймағы мен шарттары оның улылығы мен қауіптілік дәрежесі бойынша анықталады.
Дезинсекция кезіндегі жалпы қауіпсіздік шаралар:
-Жұмыс жүргізу үшін жасы 18- ден кем емес арнайы медициналық талаптарға сай, арнайы тексеруден өткен адам ғана осы жұмысқа босатылады.
-Мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс істеуге құқылы болып табылады.
-Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер арнай оқу-тәжірибеден өткен және де еңбек ережелерімен танысқан болуы керек.
-Өзі атқаратын жұмыс бойынша теориялық білімі мен еңбек стажы болуы керек.
-Қызметкерді қауіпсіздік шаралары бойынша теориялық білімін кем дегенде 3 айда бір рет тексеруден өткізу керек.
-Дезинсекциялық және репеллентті заттармен жұмыс істегуге ешқандай заттарға қарсы көрсетілімі жоқ адам тағайындалады.
-Дезинсекциялық заттармен жұмыс істеушілер қауіпсіздік техникасы талаптарына сай арнай киіммен және жеке бас қауіпсіздік заттарымен (СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.
Дезинсекциялық жұмысты орындаушы персонал жеке бас қауіпсіздік заттарымен қоса сабынмен, орамалмен және де теріні жұмсартатын заттармен қамтамасыз етілуі керек. Дезинсекциялық заттармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезінде мынадай ережелерді сақтау керек:
-Міндетті түрде арнайы киім кию және де жеке бас қауіпсіздік заттары:халат, аяқ киім, респираторлар, қолғаптар, көзілдіріктер кию қажет.
-Ерітінді, эмульсия, суспензия,приманкаларды дайындау кезінде әр түрлі респираторлар қолдану.
-Жаймаларды дезинсекциялық заттармен өңдеу жұмыстарын жеке бас қауіпсіздік заттарын қолдана отырып, бөлмеден тыс немесе арнайы тартпалы желдеткішпен жабдықталған бөлмеде жүргізу керек.
-Дезинсекциялық заттардың теріге, шырышты қабықтарға түсіп кетпеуіне жол бермеу керек.
-Приманка түріндегі заттарды арнай ыдыстарда сақтап, оларды балалар мен үй хайуанаттарына алынбайтындай жерге орналастыру керек.
Дератизация– індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық,
тышқан, т. б. ) қарсы күрес. Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың
(оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т. б. )
қоздырғыштарын дер
кезінде құрту, олардан сақтандыру
үшін жүргізіледі. Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан
қою, т. б.); биологиялық
(ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану);
химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы,
еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин,
фторацетамид, күкіртті ангидрид,
т. б. пайдаланылады. Дератизация жасалған жерде
темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды. Дезқұралдармен
жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор) әр 5 (бес) жыл
сайын дезинфекциялау, дезинсекциялау дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан
және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде
дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өтеді. Дезинфекциялық,
дератизациялық,дезинсекциялық шараларға қолданылатын улы препараттар
желдетілетін, стеллаждармен, сөрелермен, шкафтармен жабдықталған арнайы
үй-жайларда, қоймаларда сақталады.Дезқұралдарды тасымалдау нұсқаулықта және
қолданыстағы заңнамада көзделген барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай
отырып жүзеге асырылады. Дезқұралдарды алып жүруші адамсыз тасымалдауға,
сондай-ақ оларды тамақ өнімдерімен, жуу құралдарымен бірге тасымалдауға жол
берілмейді.
Ж. Ілесовв, Әл-Фараби ауданы СЭББ Санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің жетекші маманы.