Мәселе

Энергетикалық сусындар адам денсаулығына қауіпті

        Жаз мезгілінің басталуымен тұрғындармен түрлі сусындардың тұтыну жағдайлары көбейетіндігі белгілі. Әсіресе соңғы уақытта жастар мен балалардың арасында энергетикалық сусындарды көптеп пайдалануда. Энергетикалық сусындарды аз мөлшерде пайдалану адамның реакцияны тездетеді, төзімділікті арттырады, көлікті жүргізу кезінде ұйқышылдықты болдырмайды, қабылдау қарқындылығын арттырады, көңіл-күй мен әл-ауқатты жақсартады- деген ұғым қалыптасқан.

         Энергетикалық сусындар – ол құрамында кофеин, таурин, глюкуронолактон, амин қышқылдары, шөптер, қант және «В» дәрумендері бар газдалған немесе газдалмаған сусындар. Танымал энергетикалық сусындардың құрамындағы гуарана, таурин және женьшеннің мөлшері ағзаға емдік әсер ету үшін, тым төмен екендігін бәрі біле бермейді. Энергетикалық сусындардың құрамындағы кофеин мен қанттың жоғары мөлшері денеге зиянды әсер ету мүмкіндігі өте жоғары.

         Энергетикалық сусындарды қолдану кезінде денсаулыққа төмендегідей кері әсерлері болады:

• жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, жүректің қатты соғуы,

•  қан қысымының жоғарлауы,

• ұйқының бұзылуы және ұйқысыздық

• зәр шығарудың күшеюі,

• гипергликемия (энергетикалық сусындардың құрамында қанттың жоғары болуына байланысты), әсіресе қант диабеті және басқа да зат алмасу бұзылыстары бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін.

       Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, жүрек аурулары (соның ішінде жоғары қан қысымы) және ұйқының бұзылуы бар адамдарға, сондай-ақ кофеинге сезімтал адамдарға энергетикалық сусындарды тұтынуды азайтуы немесе олардан толығымен бас тартуы керек.

        Кофеиннің тәуліктік мөлшері организмге 150 мг құрайды (энергетикалық сусынның бір құтысында 150-ден 320 мг-ға дейін кофеин болады). Жастардың арасында күнделікті бірнеше банка мұндай сусындарды ішетіндер де бар. Энергетикалық сусындарды қолданар алдында оның Техникалық регламет талаптарының сақталынуы:  дайындаушының атауы, қолдану мерзімі, өнімнің құрамы,  таңбалануы жайында мәліметтердің қазақ тілінде және орыс тілінде болуына көңіл бөлу қажет. Сонымен бірге энергетикалық сусынды ішпес бұрын, өз денсаулығыңызға қауіп төнетіндігін ойлағаныңыз жөн.


К.Баймусанова, Шымкент қаласы Тұран ауданының СЭББ техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы.                                               

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *