Әлеумет Шымкент

Шымкент: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» КӨБЕЙЕДІ

    

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкентте 2025 жылға дейін 28 мың орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. Биыл соның ішінде 17 300 орынды 12 мектеп салуға республикалық бюджеттен тиісті қаражат қаралған. Ал, 10 700 орындық 6 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады деп жоспарлануда.

Осыған орай қала әкімінің орынбасары Н. Ергешбек жауапты басқарма басшыларымен бірге арнайы жиын өткізіп, жаңа мектептердің құрылыс барысын талқылады. Бүгінге дейін 18 білім нысанының орны анықталған. Оның 7-еуі Абай, 6-уы Қаратау ауданында. Қалған аудандарда 2, 1 мектептен салынады. Құрылыс жүргізу үшін 13 мектептің жер учаскесіне мемлекеттік акт алынған. Ал, қалған 5 нысанның жер учаскесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 4 ғимараттың құрылысына бөлінген жер телімдерін мемлекет мұқтажына алуда тиісті шараларды атқаруда екен.

Жоспарланған 18 мектеп құрылысы пайдалануға берілген жағдайда мамандар жаңадан ашылған шағын аудандардың және сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі толығымен шешілетініндігін айтады. Сондай-ақ жаңа мектептерге қосымша 2 579 мұғалім қажет болады. Жобада жайлы мектептің ерекшеліктері бекітілген. Бастауыш және жоғары сыныптарға арналған ғимараттың жеке блоктарының болуы, пәндік кабинеттердің толық жиынтығы, еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар, жабдықталған спорт зал мен асханалар және арнайы талаптарға сай қауіпсіздік жүйелері қамтылған.

Қала әкімінің орынбасары құрылыс барысында осы артықшылықтарды назарға алуды, құрылыстарды мерзімінде аяқтауда өзекті мәселелерді жүйелі шешуді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *