Басты жаңалықтар

Жыр додадан жүлдемен оралды

Бәрекелді!

Биыл Ұлт азаттық көтерілісінің көсемі болған Амангелді Имановтың туғанына – 150 жыл. Осыған орай Торғайда республикалық ақындар айтысы өтті. Сөз сүлейлерінің сайысында халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпазы, дәстүрлі айтыс өнерінің дамуына үлес қосып жүрген жерлесіміз Нұрлан Есенқұлов бас жүлде – автокөлікті қанжығасына байлады.

Өнер додасында белгілі айтыскерлер Мамай Ізтілеуов, Жұлдыз Қожабекова, Нұрлан Есенқұлов, Салтанат Өтелбаева, Тоба Өтепбаев, Әсем Ереже, Қазырет Бердіхан, Батырлан Сағынтаев, Марғұлан Оспанов, Төлеген Жаманов, Айбар Рағатов, Мейірбек Сұлтанхан, Мұхтар Ниязов, Шұғайып Сезімхан өнер көрсетті.

Айтысқа Серікбай Оспанұлы, Ақылбек Шаяхмет, Әсия Беркенова, Жанарбек Әшімжан, Айбек Қалиев қазылық етті. Қазылардың шешімі бойынша Нұрлан Есенқұлов бас бәйгені иеленді. Құтты болсын дейміз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *