Жақында жұмыстан қайтып бара жатып ұлым оқитын мектепке соққан едім. Директорын, бірқатар мұғалімдерін танимын, кей-кейде жолым түсе қалса сәлемдесіп, жағдай сұрасатыным бар. Директор неге мұңайды? Бірден байқағаным – мектеп басшысының көңіл-күйі пәс көрінді. Себебін сұрадым. «9-сыныптағы бір оқушымыз проблема тудырып отыр. Үйіне қонбағанына бірталай күн болған. Бүгін шақырып алып, анасына ертіп жіберсем, жарты жолда тағы […]
