Күздің алғашқы айы ортасынан ауды, жыл құстарының алды өздерінің қыстап шығатын жағына қарай ұшып жатыр. Қыркүйек айында көшті қарлығаш, қараторғай, бозторғай, шымшық, таушымшық, бұлбұл сияқты жәндіктермен қоректенетін құстар бастайды. Қазір, мысалы, қарлығаштардың алды алыс жол үстінде. Олар үнемі күндізгі уақытта ұшып отырады, баратын жерінің қашықтығына қарай бірі оған 35-42 күнде, енді бірі 2-3 айда жетеді. […]
