Біле жүріңіз

Құстар да Құдайдың бір таңғажайып жаратылысы

Көктемде маңайда жұдырықтай ғана нәуірзек пайда бола кетеді, көк жүзінде «тыраулай» сап түзеп тырналар ұшады, әуе кеңістігін тілгілей қуаласып қарлығаштар жүреді, әнші құстар елді мекендерді думанға бөлейді. Оларға қарап тұрып санамызға «Бұлар ауа райын қалай болжайды?», «Мекенін қалай адаспай табады?», «Құдай бұларды не үшін жаратқан?», «Әлжуаз ұрпағын қалай жетілдіреді?» деген сияқты сан сауалдардың келетіні рас… […]