«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары А-2 автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстарының сапасын тексерді. Тексеру «Қорғас – Алматы – Шымкент – Өзбекстан Республикасы шекарасы» автомобиль жолының Шымкент қаласын айналып өтетін, Бадам өзені арқылы өтетін көпірден Шымкент–Ташкент автожолына дейінгі учаскесінде жүргізілді. Аталған нысан – жобаның V кезеңі. Тексеру кезінде мамандар асфальтбетон […]
