Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінің «Келес» халықтық театр ұжымы республикалық байқау аясында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының бейнесін сомдаған «Абай» спектаклін жоғары деңгейде сахналады. Көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған қойылым театр ұжымының кәсіби шеберлігін айқын көрсетті. Театр жетекшісі Жанкелді Мырзалиев республикалық моно спектакльдер фестиваль-байқауында «Үздік ер адам бейнесі» номинациясының иегері […]
