Кейінгі кездері жиі аңғарып, өзіме ой салып жүрген бір жайды оқырмандармен бөліссем деймін. Газет бетінен орын берсеңіздер, жұрт оқып, ой түйер, пікір бөлісер, бәлкім. Енді бірер күнде жаз маусымы басталғалы тұр. Бұл – ел ішінде той-томалақтың көбейетін кезі. Бүгінде ұлын үйлендірудің, қызын ұзатудың қамына кірісіп жатқандар бар. «Пәленше болашақ құдаларымен тәтті шай ішіпті», «қалыңмалын келісіпті», […]
