Uncategorized

Коронавирустың беті әлі қайтқан жоқ

 Шымкент қаласында  қазіргі таңда  коронавирустық аурудың тіркелуі төмендеді. Алайда арқаны кеңге салуға болмайды. Аурудың алдын алу шараларын күнделікті өмірімізде қолданып, балаларымызға үйретуіміз керек. Өйткені бұл іс-шаралар барлық ауа тамшылы, қарым-қатынас арқылы берілетін барлық жұқпалы аурулардың алдын алуда өте үлкен  орын алады.  Ең алдымен коронавирустық аурудың берілу жолдары мен  симтомдарына тоқталайық. КВИ науқас адамнан сау адамға берілу жолдары :

  • ауа-тамшылы арқылы — жөтелгенде, түшкіргенде, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтамай сөйлескенде жұғады.
  • Тұрмыстық байланыс арқылы –  КВИ вирусымен ластанған қолмен  тамақ өнімдерін қолдану, көздің шырышты қабаты мен мұрын, ауыз қуыстарын ұстау арқылы  вирустың тарауы. (ластанған заттар, есік тұтқалары, смартфондар, науқас адаммен қол беріп амандасу)

КВИ ауруының белгілері:

  • дене қызуының көтерілуі
  • түшкіру, әлсіздік, бас ауруы
  • тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел
  • кеуде қуысының ауруы,жүрек қағысының жиілеуі

       Аурудың инкубациялық кезеңі 3-10 күн аралығы. Науқас ауру белгілері пайда болған кезде немесе алдын алу мақсатында зертханалық тексеруге коронавирус ауруына ПЦР анализ тапсыру кезінде «оң» нәтиже бергендерге COVID-19 U 07.1 диагнозы қойылып, науқаста ауру белгілері болса ауруханаға жатқызылып ем қабылдайды. Ал ауру белгілері болмаса (симтомсыз) науқас  10 күн  үй ошағында карантинінде болады және жергілікті емхана қызметкерлері тарапынан медициналық бақылауға алынады. Бұл жерде ең қауіптісі симтомсыз науқастар, олар ауру белгілері болмағандықтан  адамдар арасында көп болып, таратылуы жоғары болады.

 Коронавирустық аурудың алдын алу шаралары:

  • Көпшілік жиналған жерге мүмкіндігінше бармау немесе бетперде кию. Бетперде таққанда таза қолмен ұстау қажет, уақыты өткенде бетпердені тастап, қолды жуып, жаңасын кию қажет.
  • Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау. Адамдармен сөйлескенде ара қашықтықты 1 метр сақтауға кеңес береді. Ал жанындағы адам жөтеліп немесе түшкіріп жатса қашықтықты оданда алыс ұстаған дұрыс. Сонымен қатар сүйісіп немесе қол беріп амандасудан бас тартқан дұрыс.
  • Қол және жеке бас  гигиенасын үнемі сақтап, құрамында спирттік қоспасы бар залалсыздандыру құралдарын қолдану. Көпшілік жиындар мен қоғамдық орындарды, әсіресе әжетханаларда және үйге келген кезде ең алдымен қолды сабындап жууды ұмытпауымыз  қажет. Ол вирустың таралуын тежейтін бірінші тәсіл болып саналады. Жуылмаған қолмен мұрын, ауыз, көзді сонымен қатар шаш, мұрт, сақалдыда  ұстауға болмайды.
  • Түшкіру мен жөтелудің әдебін сақтап қағаз майлықпен мұрын мен ауызды жауып, болған соң қоқыс жәшігіне тастаған жөн. Артынан міндетті түрде қолды сабындап жуу қажет. Егер майлық болмаса шынтақ буынмен қалқалаған дұрыс.
  • Ұйде немесе жұмыс орнында бөлмедегі ауаны үнемі тазартып, ондағы ылғалдың мөлшерін қалыпты деңгейде ұстау. Тазартылмаған ауа бактериялар мен вирустардың одан сайын көбеюіне өте қолайлы орта. Содықтан желдеткішті жиі ашып,ауаны бірнеше рет тазартуды ұмытпау керек.
  • Коронавирусқа қарсы екпе және қайта екпе алу.

Коронавирус ауруының төмендеуіне байланысты егуден бас тартқандар саны көбеюде. Сондықтан жалпыға айтарымыз вакцинацияның толық курсын алып, ұжымдық иммунитет құруға атсалысыңыздар. Сонда ғана бұл ауруды жеңеміз. Болмаса кез келген уақытта ауру бас көтеруі салдарынан карантин режимдері күшейтіліп, қиындыққа тап болуымыз мүмкін.

КВИ-ға қарсы ревакцинациялауды жүргізуге егілетін адамның немесе оның заңды өкілдерінің профилактикалық егулер жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісімін алғаннан кейін ғана  Алгоритмге  сәйкес, жазбаша түрде жол беріледі.

КВИ-ге қарсы ревакцинация алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын  бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.

Қайта ревакцинация алып, аурудың алдын алуға шақырамыз.


Р.Абиева, Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *