Шымкент

22 жоба іске асады


Мемлекет басшысының еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру мәселесіне байланысты қойған нақты тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарды дамыту бойынша жобалар қолға алынған. Мегаполистегі индустриалды аймақтардың қатары артып келеді. Қазіргі таңда «Жұлдыз» индустриалды аймағы мен «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриалды аймағын құру жұмыстары жүруде.

«Жұлдыз» индустриалды аймағының жалпы ауданы 306 гектарды құрайды. Аталған аймақта 35 жоба (3152 жаңа жұмыс орны) жүзеге асады деп жоспарланған. Биыл оның 6-уы іске қосылып, 450-ден астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен іске асатын болады. Ал, 2022-2026 жылдар аралығында «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 50 компанияның инвестициялық жобалар пулы әзірленді. Яғни, тағы 3600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деген сөз.

Жалпы аумағы 132 гектарды құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Қазір мұнда 15 шақырымға суаққы қойылып, электр жүйесі тартылуда. Инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жылдың соңына дейін аяқталады. «Орналастырылатын жобалар пулы дайын» дейді мамандар.

Шымкентте бұдан өзге 2 индустриялды аймақ пен сауда-логистикалық орталықта 16 жоба жыл соңына дейін іске қосылып, 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *