Сүт және сүт өнімдері өте пайдалы адамның таптырмайтын табиғи тағамына жатады, өйткені олардың құрамында ағзаға қажетті барлық тағамдық және биологиялық белсенді заттар теңдестірілген күйде болады. Сүт және сүт өнімдері өте жас санатындағы адамдардың тамақтануында үлкен мәнге ие. Сүт, денсаулыққа пайдалы болу үшін табиғи және қоспаларсыз болуы қажет. Сүтті қайнату үшін арнайы ыдысты пайдаланған дұрыс, өйткені иісті тез сіңіріп алады. Сондықтан, оны ірімшік, сүзбе және тұздалған үй тағамдарынан алшақ қойған жөн. Жаз мезгілінде 2-3 күн сақтау үшін оны күніне екі рет қайнату керек: таңертең және кешке. Қайнатқаннан кейін ыдыстың бетін жауып қойыңыз. Сүтті алюминий ыдыста сақтамаған абзал — жағымсыз дәм береді. Майлылығы жоғары өнім (сүт) қажет болған жағдайда, құйылған ыдысты қайнаған суға буландыру керек. Сүт ерекше дәмді болуы үшін қайнатқаннан кейін 7-8 сағатқа термосқа құйып қою қажет.
Супермаркет сөрелеріндегі сүт неге ұзақ уақыт бұзылмайды? Көпшілік арасында ұзақ мерзімге жарамды сүт пайдасы жайлы күмәнді пікірлер де бар. Пастерленген сүтте ағза үшін пайдалы минералдар мен дәрумендердің жойылатынын айтуда. Сарапшылардың айтуынша, заманауи зауыттарда жоғары деңгейдегі асептика мен өндіріс талаптары орындалған кезде ғана шығарылған сүт пайдалы қасиеттерін сақтай келе, дүкен сөрелерінде 2 аптаға дейінгі мерзімге жарамды болады.
Ұзақ мерзімге (алты айға дейінгі) жарамды сүт – ультрапастерленген сүт. Ол термо өңдеу мен қаптама арқасында ұзақ сақталады. Бұл сүт өңдеудегі заманауи әрі құнтты тәсіл. Сүтті 135-137 °C ысытып, бірден 4-5 °C салқындатады. Сол кезде бактериялар жойылады, бірақ 2-4 секундтық өңдеудің арқасында сүттің пайдалы қасиеттері (ақуыз, көмірсулар, кальций) сақталады.
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік аумағында сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіз айналымы үшін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (КО ТР 033/2013) қабылданған.
Зерттеудің мақсаты қауіпсіз сүт өнімдерін өндіруге арналған шикізат ретінде сиыр сүтінің сапасын бағалау болып табылады. Дайындалған сүтті органолептикалық және физикалық-химиялық зерттеу, сондай-ақ дайындалған сүттің бұрмалануын анықтау жүргізіледі. Зерттеу жүргізу үшін сүттің жоғарыда аталған техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін бағалаудың стандартты әдістері қолданылды.
Өнімді таңдаған кезде, оның таңбалануына, таңбалауы мемлекеттік және орыс тілдерінде болуына, жарамдылық мерзіміне, қаптамасындағы, затбелгідегі немесе қосымша қағаздағы ақпараттың толық болуына, ақуыздардың, майлардың және дәрумендердің құрамдығына, калориялық мөлшері жайында мәліметтердің болуына аса назар аудару қажет. Сонымен бірге сүт өнімдерінің сақталыну шарттарын қатаң сақтауыңыз өте маңызды.
Бұл қарапайым ережелер Сізге көмектеседі деп үміттенеміз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!
К.Баймусанова, Шымкент қаласы Тұран ауданының СЭББ техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы.