Мәселе

Еңбек – баланы шынықтырады ма, құқығын бұзады ма?

«Адамды адам еткен – еңбек» деген тəмсілмен ержеткен аға буын өкілдері үшін барлық берекенің бастауы маңдайтер, еңбекте жатыр. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, сабақтан кейін масақ теруге, қой қырқымына, картоп қазуға, мақта, алма теруге барғанын айтып отыратын аға буын арамызда көп-ақ. Алайда осы бір үрдіс кейінгі буында қалыптаспады. Неге? Алдымен еңбекке жастай баулудың жақсысы мен жаманына тоқталсақ.
Тəжірибелі педагогтар жас ұрпақтың бойында еңбекке деген ынтаның азайғанын мойындайды. «Соның салдарынан бүгінгі жастардың арасында адамгершілік, көпшіл болу қасиеттер азайып, тұрмысқа бейімделу, ептілік кемшін» дегенді алға тартады.
– Жас ұрпақты еңбекке тəрбиелеу – маңызды педагоги-
калық процесс екенін ескерсек, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана айқындай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына əсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, оның əсем де əдемі болуына назар аудартуға негізделеді. Еңбекке баулудың негізгі мақсаты – еңбексүйгіштікке тəрбиелей отырып, оның нəтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға жəне денсаулығының
нығаюына жəрдемдеседі, дене қозғалысының үйлесімді,
сергек болуына ықпал ету, — дейді №102 орта мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнара Ибрагимова.
Педагогикалық тұрғыдан да, отбасы тəрбиесінің тəмсілі тұрғысынан да баланы ерте жастан еңбекке баулу дұрыс, əрі қажеттілік саналады. Мамандардың бұл пікірін дəлелдей түсетін мысалдар көп. Қарапайым нəрсе десек те мысалы 2 – 3 жастағы баланың тамағын өзі ішіп-жеуінен бастап, ойыншығын, киімін өзі жинап дағдылануы да еңбек. Өзіне өзі қызмет етуге бала жастан дағдыландыру қажет. «Бұл баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттерін арттырады» дейді педагог-психологтар. Əрине, мұндай əрекеттер үшін ата-ана тарапынан «Жарайсың! Бəрекелді! Қандай ақылдысың?!» деген қолдау сөздер айтылып тұрғаны дұрыс. Жерде жатқан нанды көтеріп қою, киімін күтіп киюі — бəрі де еңбек. Ең бастысы адамгершілікке, үлкендердің еңбегін сыйлауға бағытталған тәрбие.

Байқасаңыз, бала ересектердің еңбегін қайталауға тырысады. Мысалы, ұл бала көлік айдап, тас түсі-
ріп, құм төгіп ойнайды. Яғни, əкесінен, көкесінен, ағасынан көргенді қайталағысы келеді. Сол сияқты кішкентай қыз да ас пісіріп, қуыршағын ұйықтатып, анасы істейтін жұмыстарды қайталап жүргені. Еңбектенуге бастайтын əрекет. Тірлікке бейімделу. Тұрмыста қажетті кəсіпті меңгеруге тырысу. Ендеше,
бала өз бойындағы осы бір қасиетті өсе келе неге жоғалтып алады? Оны шыңдап, əрі қарай дұрыс бағытқа ата-ана неге тəрбиелей алмай қалады? Бала тəрбиесінде тəжірибесі бар психологтардың пайымынша бұған қоғамдағы түрлі пікірлерден бастап, өсе келе балаға жүктелетін сан мың міндеттер де кері əсерін тигізеді екен.
Мысалы, мектеп жасындағы баланың сабақ жүктемесінің шамадан тыс көбеюі. Қосымша сабақтар мен білімін жетілдіруге бағытталған курстық сабақтар. Баланың қолынан түспейтін гаджеттер. Осының бəрі де баланың артық қимыл жасауына, физикалық тұрғыдан еңбектенуіне мүмкіндік бермеуде. Уақыт тапшы. Түрлі жүктеменің салдары баланы тез шаршатуда. Дене қимылынсыз, физикалық еңбектенусіз адам ағзасы тез шаршайтыны тағы бар. Ең басты мəселе «Баланы ерте жастан еңбекке араластыру заңсыз. Баланың құқығын бұзатын əрекет» дейтін пікірді жалаулата түскен қоғамдағы тағы бір пікір де баланың еңбекпен өсуіне өз кедергісін келтіріп отырғаны ащы шындық.
Естеріңізде ме, аға буын жақсы біледі, балабақшада əр топтың өз жер учаскесі болатын. Онда табиғат
мүйістері ұйымдастырылатын. Балақайлар қоянға шөп беріп немесе гүл егіп, жер тырмалап əрекеттенуші еді. Дəл осындай тəжірибе алаңдары мектептерде де болды. Əр сынып өз учаскесінде көкөніс өсіріп, тал егіп еңбектенетін. Жемісін жинап, оны сатып, класқа қажетті құрал-сайман алатын. Еңбектің наны тəтті екенін осылай сезінетін. Қазіргі балабақша, мектептердің көбі жекменшік. Əр топқа жер бөліп бермек түгілі, аулаға шығып асыр сап ойнайтын алаңқай тапшы. Себебі, ғимарат кезінде жеке үйі ретінде салынған болуы таңқаларлық жəйт емес. Өз үйін балабақша, мектеп ете салған кəсіпкерлер аз ба?! Олар үшін баланы еңбекке баулып өсіру ұғымын түсіну қиынға түседі. «Бастысы балаға ағылшын тілін үйретеміз, үш мезгіл тамағын бе-
реміз» дегенді жалау етеді. Бүгінгі ата-ана үшін де керегі осы. «Балам ағылшынша сайрап, математиканы жақсы білсе болды» деген ұғымда жүргендер көп. Балаға қажеттінің бəрін беруге дайын. Қолына сотка, ноутбуг ұстатса болғаны. «Сабақ оқысын. Жұмысты өзіміз-ақ істей-
міз». Осы ұстанымның салдарынан бүгінгі баланың көпшілігі үй тірлігіне епсіз. Икемсіз. Қарапайым ғана мысал, қазір тал басынан өрік, алма, шие те-
ріп жүрген баланы көргендеріңіз бар ма? Ағашқа өрмелей алмайды. Қорқады, епсіз. Құлап, жарақат алуы мүмкін. «Есесіне бірнеше тілді біледі, математик, компьютерді мықты меңгерген» дейтініміз анық.

Иə, о жағынан дауымыз жоқ. Бүгінгі жас – бала жастан гаджеттерді ерттеп мініп алған. Түрлі бағдарламаларды меңгерген. Салдарынан балалар арасында көзілдірік тағатындар тым көбейіп кеткені де бізді алаңдата қоймайды. Өз заманының тірлігін меңгергеніне мəзбіз.
Еңбекке қабілетсіздік, тұрмыстағы қарапайым ғана тірліктерге икемсіз балалардың арасында семіздік дерті де кең тарауда. Себебі дене қозғалысы аз. Физикалық еңбек жоқ. Маңдайы шыпшып терлемеген, қаны қызып қозғалмайды. Əрине, спорттық секцияларға баратындар табылады. Десе де…

Жоғарыда педагог мамандар келтірген мысалға сүйенер болсақ, бала еңбек ету арқылы адамгершілікті, өзгенің еңбегін қадірлеуді түсінеді. Мəселенің екінші жағы да бар.
Балалардың денсаулығына, ақылесіне, мінез-құлқына залалын келтіретін немесе білім алуына мүмкіндік бермейтін еңбекті қолдамаймыз. Бала еңбегін жақтамайтын, бала құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдардың ұстанатын басты қағидасы да осы. Олар «балаларды оқу мүмкіндігінен айыратын немесе оларға мектептегі сабақтары үйдегі міндеттермен қоса өздеріне
қосымша жұмыс жүктеп, отбасынан жекешеленіп, басқа жерлерде жүріп істеуге мəжбүрлейтін жұ-
мыстарға қарсымыз» дейді. Əрине, баланы құлша жұмсауды ешбір қазақ қолдамайды. Халықаралық заң талаптарында «бала саудасына, порнографиялық суреттер өндірісіне пайдалануға, порнографиялық қойылымдарға қатыстыруға, соған итермелеуге, баланы есірткі өнімдерін сатуға пайдалануға қатаң тыйым салынады» делінген. Мұндай еңбекті ешкім қолдамайды. Біздің
айтып отырғанымыз бүгінгі баланың ата-анасына қолғабыс етуге дағдысының жоқтығы, үй шаруасына икемделе алмауы. Бұл орайда мəселе үйдегі тəрбиеге тікелей байланысты. Десе де мектептегі еңбекке баулу сабағының рөлі маңызды. Ілгеріде еңбек сабағында күрекке сап жасап, үтік жөндеп үйренген бала көп еді. Қыздар кесте тігіп, тамақ пісіретін. Мектептегі бұл пəннің маңыздылығы бəсеңдеп, соңғы кезде бар мəселе ағылшын тілін үйренуге басымдық беріліп кеткен сияқты. Салдарынан баламыз көп тіл біледі, бірақ, күрек ұстай алмайды. Қолы қабарып, белі ауырып шыға келеді. Шөп орып, жер аударып жүрген баланы көрмейсің.
«Заң бойынша 14-16 жастағы балалар аптасына – 24, ал 16-18 жастағы жеткіншектер 36 сағаттан артық жұмыс істемеуі керек» — дейді Мемлекеттік Еңбек инспекторла-ры. Əрине, бұл жазғы демалыстарда белгілі бір кəсіпкерлік нысанына жалданып, уақытша жұмыс істеуге тырысатын оқушылар мен студенттер үшін қойылатын талап. «Бала құқығы» туралы заңға сəйкес, кез келген 14 жасқа толған бала ата-анасының рұқсатымен, оқудан тыс
уақытта денсаулығы жараса, қоғамдық пайдалы жұмыс-
тармен айналысуына болады.
Өкінішке қарай, кейінгі жылдары қазақы
тəрбиеге қарама-қайшы келетін заңдар көп
қабылданып жатқаны
жасырын емес. Бұрын перзентін ұстазға берген ата-ана
«еті сенікі, сүйегі менікі» деп табыстайтын. Яғни, қажет болса таяқтап та аларсың, əйтеуір сүйегі аман болсын, ең бастысы білім, тəрбие алсын деген сөз. Бала тəрбиесіне заң араласпайтын. Ал қазір мұғалім тұрмақ балаға өзінің туған ата-анасы таяқпен тəрбиелемек түгілі дауыс көтеруге тыйым салынуда. Жай сөзге құлақ аспаған балаға қаттырақ сөйлесеңіз есігіңізді полиция қағып тұруы мүмкін. Осындай заңнан кейін балаңызды еңбекке
баулып көріңіз. Ешқашан да баули алмайсыз, өйткені, бала нəпсісі еңбек етуді қаламайды. Ал оны мəжбүрлеуге заң тыйым салады. Сонда əр отбасыда қандай ұрпақ тəрбиеленіп жатыр? Ата-анасына қамқор, бауырына жанашыр, қоғамға пайдалы, еңбекқор ұрпақ па? Əй қайдам?! Керісінше, ата-анасына қарсы келетін, айтқанын аяқасты ететін, бауырынан безінген, қоғамға зияныкөп, кержалқау ұрпақ өсіп-жетіліп жатса таң қалмай-ақ қойыңыз. Еуропаға еліктеп шығарылған заңдар
осындай өзімшіл ұрпақ тəрбиелеуге себеп болады. Бұл анық. Ал еңбекпен шынығып өскен бала жоғарыда
айтқанымыздай, өмірге бейім болумен қатар адамгершілікті, бауырмалдықты, өзгенің еңбегін бағалай
білетін асыл қасиетті бойына сіңіреді. Осы тұста Жапонияның білім мен еңбекті ұштастырған үрдісіне
үңіліп көруге болады. Күншығыс елінде оқушылар тазалыққа өте қатты мəн береді. Өйткені, бүлдірген,
шашқан сынып ішін, партасы мен тақтасын өзге емес өздері тазалайды. Жастайынан еңбекке баулыған
бұл елдің балаларының білім деңгейін төмен деп кім айта алады? Əлемде озық технология ойлап та-
будан көш бастап келеді. Бұл сапалы білімнің ғана емес, еңбекке ерте араластырудың да нəтижесі. Ұлы
ойшыл Əл-Фараби бабамыз «тəрбиесіз берілген білімнің адамзаттың қас жауы» екенін ерте бастан
ескертіп кетті емес пе?! Ал тəрбие мен еңбек — егіз ұғым.
Қорыта айтқанда, Сіз өз балаңыздың еңбекқор болып өскенін қалайсыз ба, əлде… Таңдау өзіңізде.
Ал баланы еңбекке баулуда мемлекет, мемлекет шығарған заңдар кедергі келтірмеуі, керісінше көмектесуі тиіс. «Баланы бастан…» деп атам қазақ тегін айтты деймісіз!
Ж.Жайлаубекқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *