Біле жүріңіз

Биологиялық белсенді қоспалар: нені білу маңызды?

Қазір денсаулық пен тамақтану құрылымы арасындағы байланысқа жіті назар аударылуда. Тамақтану рационын тұтыну нормаларына сәйкестендіру және оны тамақ санына байланысты өспеу нормасын сақтау қиынға соғады. Бұл мәселені шешуге соңғы жылдары біздің өмірімізге сенімді түрде енген және танымал бола бастаған биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) көмектеседі. Олардың ассортименті күн сайын өсіп келеді, кейде тиімді және қауіпсіз өнімді таңдау қиын. Биологиялық белсенді қоспалар дегеніміз не және олар не үшін қажет екенін түсінуге шақырамыз.

       Заң шығарушы биологиялық белсенді қоспалар ұғымына нақты анықтама береді: бұл тұрақты тұтыну арқылы денсаулықты жақсартатын, құрамында адамның рационың байыту үшін табиғи немесе табиғи биологиялық белсенді заттармен бірдей заттардың компоненттері бар тағамдарға арналған қоспалар. Биологиялық белсенді қоспалар денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу үшін қолданылады, бірақ олар дәрі емес және емдік қасиеттері жоқ. Интернет көздерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы жиі кездеседі, бірақ егер қаптамасында дұрыс емес немесе толық емес ақпарат болса, ол адамдарды жаңылыстыруы мүмкін.

       Мұндай қоспаларды жарнамалауға қойылатын талаптар 27.10.2020 жылғы №ҚР ДСМ-160/2020 биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру ережелерімен реттеледі. Осы талаптарға сәйкес жарнама сипаттамалары, құрамы, тұтынушылық қасиеттері, бағасы (құны), қолданудың болжамды нәтижелері, сынау және зерттеу нәтижелері бойынша тұтынушыларды жаңылыстырмауы тиіс. Жарнамада ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға жол берілмейді.

       Биологиялық белсенді қоспаларды жарнама арқылы сатып алған жағдайда, келесі жағдайларға назар аударылуы қажет:

 —  сауда атауының болуы;

 —  атауы;

 — өндірушінің және Қазақстан Республикасында өндірушінің шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлғаның мекенжайы;

 — құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтер;

 — қолдануға арналған негізгі көрсеткіштер мен ұсыныстар;

 — қолдану тәсілі және дозалары,

 — негізгі жанама әсерлер мен қарсы көрсеткіштер;

 — жүкті әйелдердің,сондай-ақ емізу кезеңіне қатысты айрықша нұсқаулар;

 — өнімді босату шарттары.

Бұдан басқа, міндетті түрде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні көрсетіледі, ол өнім техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетінін, биологиялық белсенді қоспа болып табылатынын және қажетті қасиеттерге ие екенін көрсетеді.

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес биологиялық белсенді қоспалар мемлекеттік тіркеуге жатады. Бұл туралы мәліметтер Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми парақшасында www.eurasiancommission.org. мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде орналастырылған.

Қорытындылай келе, биологиялық белсенді қоспаларды ағзадағы макро және микроэлементтердің қорын толтыру қажеттілігіне байланысты сатып алу және тұтыну қажет. Оларды тек дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдау керек.


Рысбек Абдрахманов, Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау басқармасының

басшы орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *