Мәселе

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету маңызды


        
Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.Тиімді тамақтанудың басты шарты-мезгілімен, яғни күн сайын белгілі уақытта тамақтану және тамақ мөлшерінің сақталуы. Бүгінгі таңда мектептің мектеп асханаларында тамақты ұйымдастыру үшін жағдай жасалынған. Мектеп асханасында ыстық тамақты беруді асхананы жалға алушы өзінің міндетіне алған. Мектеп басшылығымен ыстық тамақтың перспективалық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалынып бекітіледі. Мәзірді әзірлеу кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің болу ұзақтығы, жас санаты ескеріледі, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.
Мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш  күнтізбелік күнде қайталауға болмайды. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант енгізіледі. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі жеті күнтізбелік күнде бір рет енгізіледі. Дұрыс тамақтану шарттарына сай адам белгіленген уақытта тамақтануы керек, әр тамақ ішу арасы 3,5-4 сағат болуы тиіс. Таңертеңгі ас міндетті түрде ыстық және күнделікті адамға қажетті калорияның 20-25 пайызын құрауы керек. Ал екінші таңертеңгі ас күндізгі калория мәзірінің 10-15 пайызын құрайды. Түскі астың бірінші және екінші ыстық тамақтан тұрғаны абзал. Түскі тамақ ет, балық, құс еті, сүзбе, ірімшік секілді қуатты тамақтан даярланады. Бұларға қосымша міндетті түрде көкөніс салаты ұсынылады. Түскі астың қуаттылығы мәзірдің 30-35 пайызын құрауы тиіс. Кешкі ас мәзірінде  мүмкіндігінше ұннан, жармадан даярланған тамақтар, сүт өнімдері, көкөністен дайындалған тамақтар, жеміс жидектер болуы керек. Оның құндылығы-тәуліктік мәзір қуатының 20-25 пайызы. Жасқа байланысты тағам порцияларының ұсынылатын массасы граммен:
— Бірінші тағам: 6-11 жасқа  200-250гр.

— Екінші тағам: гарнир 100-150гр, ет өнімдері 80-150гр, көкөніс, сүзбе, ет тағамы, ботқа 150-200гр, салат 60-100гр.

— Үшінші тағам 200гр.

Балалардың дұрыс тамақтануы, бала организімінің дұрыс дамып жетілуіне, иммунитетінің жақсаруына, сондай-ақ түрлі сырқаттардан аулақ болуына үлкен септігін тигізеді.

 
Айнұр Пернеева, Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *