Құқық

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – баршамыздың міндетіміз


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы бекітілген №410-V Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа мүмкіншіліктерді болдырмау қажет екенін білдірген. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқықбұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу қажет. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шараларды қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы, өтініштері. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндеттеледі. Қылмыстық кодекс және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін тек қана басқарушылық функциялар берілген лауазымды адамдар ғана тартылады. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Еңбек кодексіне аталған лауазымдарға орналасуға бұрын құқық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарға шектеу белгілеу ұсынылады. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарға квазимемлекеттік сектор лауазымдарына орналасуға шектеу ӘҚБК-нің 681-бабына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарды жұмысқа алу жағдайында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларының немесе ұлттық компаниялардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, улттық даму институттарының, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары басшыларының әкімшілік жауапкершілігі бөлігінде толықтырулар енгізуді қажет етеді. Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тікелей басшылардың дербес тәртіптік жауапкершілігін енгізу үшін мемлекеттік қызмет туралы Заңда және басқа мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселелерін реттейтін салалық заңдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған бағынысты қызметкерлерді  бақылау бойынша лауазымды уәкілеттіліктерін  орындамаған немесе ойдағыдай орындамағауды тәртіптік теріс қылыққа жатады деп анықтау ұсынылған. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдар туралы мәліметтер арнайы есеп деректер базасына (ҚСжАЕК) енгізіледі және олар тәртіптік жаза қолданылған кезде қызметі бойынша жоғарылай алмайды. Бұл ретте, тұлға осындай әрекет үшін жұмыстан шығарылса одан кейін оған мемлекеттік қызметіке кіруге бұдан былай жол берілмейді.

Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 44-бабына сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауапкершіліктің әр түрлері қолданылады (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару).

Ж.Есбергенова, Әл-Фараби СЭББ-ның бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *