Шілденің аптап ыстығы күшіне мініп тұрған күндері әлеуметтік желілерде «Шымкентте көшедегі термометрлер 60 градустан асатын ыстықты көрсетті», «66 градусқа дейінгі температураны көрсетті» деп айтқандар да, жазғандар да аз болған жоқ. Аптап ыстықтан әбден әбіржігеніміз рас. Бұл жұртты алаңдатқан негізгі тақырып болды. Неге нақты жауап бермейді? Ал «күннің ыстығы 60, 66 градусқа дейін көтерілгені» қаншалықты шындыққа […]
Метка: аптап
Бөлмені қалай салқындатқан жөн?
Бүгінде жұртты аптап ыстық әбіржітуде. Үйді, кеңсені желдеткішпен, кондиционермен салқындатып әуреміз. Ал қандай да бір себеппен электр қуаты болмай қалса ше? Не істейміз? Мынадай тәсілдер есте болсын: Аса қажет болмаса, еденге төселген түкті кілемдерді уақытша жинап қойғанның көмегі көп. Бөлмеге әлсін-әлсін әбден мұздатылған су бүркіп, еденді жиі-жиі салқын суға шыланған шүберекпен сүртіп тұрсаңыз, жәрдемі тиеді. […]
Ақсары адамдар абайласын
Қазір шілденің нағыз ортаңғы кезі, күн ыстық. Осындайда теріні шектен тыс күйдіріп алудан сақ болған абзал. Әсіресе, бұл Оңтүстік өңір тұрғындарына қатысты. Өйткені, бұл маусымда күннің ультракүлгін сәулелерінің қуаты күшті болады. Біздің өңірде сағат 10.00 – 16.00 аралығында оның деңгейі өте жоғары. Мамандардың айтуынша, мұндайда әсіресе тері түсі ашық, аққұба, ақсары, шашы сарғыш немесе ақ […]
46 градус ыстық күтілуде
Бүгінде әлемнің көптеген елдерін ыстық «қуырып» тұр. Ал жазда климаты ыстық саналатын біздің өңірдің алдағы күн райы қандай болмақ? Бұған қатысты «Қазгидромет» ауа райын болжау орталығының филиалынан төмендегідей болжамдар алдық. Бұл айда Оңтүстік өңірге ылғал түсуі қалыптағыдан төмен болады. Бірінші онкүндік аздап жаңбырлы болды. Енді жаңбыр үшінші онкүндіктің соңына қарай ғана жаумақ. Екінші онкүндікте және […]
КҮН ТОҚЫРАУЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ
Алдағы 21 маусым күні сағат 14.24-те Жердің біз өмір сүріп жатқан Солтүстік жарты шарында жазғы күннің тоқырауы басталады. 21-22 маусым жылдың ең ұзақ күндері болады. Еліміздің әр аумақтарында күндізгі уақыт 15-17 сағат аралығын құрайтын болады. Сосын ақырындап түнгі мезгілдің уақыты ұзара бастайды. Күндізгі уақыттың ұзаруы адамға жайлы әсер ететіні белгілі. Ағзада «қуаныш гормоны» — серотонин […]




