Әлеумет

«Қошқаратаны» қастерлей білейік

Кешегі сенбіде Шымкентке Ұлытау жақтан құдаларымыз келіп, оларды теміржол вокзалынан күтіп алған едік. Ол кісілердің Қошқаратаны көргісі келіп жүргеніне біраз болған, осы жолы «тиіп тұр екен ғой, осы бетімізбен бара салайықшы» дегесін Қошқаратаға үйлер арасымен тіке тарттық. Қошқарата бұлағы теміржол вокзалына өте жақын, бес минуттық қана жер. Бұрынғы гараждар тұратын аумақтан шағын дүкендер ашып қойыпты. […]