Басты жаңалықтар Мәдениет және өнер

«ТЕКЕМЕТ FEST» ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ҮНІН ЖАҢҒЫРТТЫ

Шымкентте ғасырлар қойнауынан жеткен киіз басу өнері дәріптеліп, ұлттық қолөнердің озық үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. «ТЕКЕМЕТ FEST» этно-танымдық фестивалі дәстүрлі өнерді насихаттап қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған тағылымды мәдени алаңға айналды. Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан, ұлттың болмыс-бітімін айшықтайтын рухани мұра. Соның ішінде киіз басу, текемет жасау өнері – табиғи шикізатты ұқыпты […]