Әлеумет Басты жаңалықтар

Тас диірмен – нан қадірін ұқтырады

Бұл көне диірмен (келі) – әжемнің қолынан өткен, оның өмірімен сабақтасқан қасиетті мұра. Әжем мұны 83 жасқа дейін қолданған екен. Кезінде осы диірменмен дән тартып, отбасының қажетіне жаратып, маңдай термен келген астың қадірін білген. Оның сылдыраған үнімен бірге әжемнің қолының табы, маңдай тері, отбасының берекесі, сол дәуірдің тынысы сезіледі. Бүгінде қол диірменнің орнын заманауи техникалар […]

Мәдениет және өнер

Құрақ құрау – өзгеше өнер

Құрақ құрау – қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан сәндік-қолданбалы өнерінің бірегей үлгісі. Ол тұрмыстық қажеттіліктен туындағанымен, уақыт өте келе ұлттық мәдениеттің, көркемдік талғамның және рухани құндылықтардың жарқын көрінісіне айналды. Әрбір құрақтың өрнегі мен түс үйлесімі халқымыздың дүниетанымын, табиғатпен үндестігін және өмір философиясын бейнелейді. Сондықтан құрақ өнері – тек қолөнер ғана емес, […]