Басты жаңалықтар Мәселе

Әкімдікі білместік пе, жауапсыздық па?

Созақтық шаруа Нұр-Сұлтанға өз аяғымен бармақ «Қазақта «мал ашуы — жан ашуы» деген сөз бар. Ұлан байтақ даламызды мекен еткен ата-бабаларымыздың бар тыныс-тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланыста өткен. Мұны мен айтпасам да көрнекті қаламгердің ұлы, Мемлекет басшысы ретінде өзіңіз жақсы білесіз. Біз мекен еткен Созақ өңірі қашаннан мал өсіруге дағдыланған аймақ саналады. Сондықтан болар, Теріскей […]

Мәселе

«Президентке жазылған хат айналып ауданға қайта келіпті»

«…2015 жылы сол кездегі аудан әкімі Аманғали Аймұрзаевтың бастамасымен Шолаққорған ауыл әкімшілігінің көлеміндегі ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз ету мақсатында Көкбұлақ өзенінің суын тиімді пайдалану үшін тау етегінен үлкен су қоймасының құрылысы басталып, осы құрылыс үшін 500 миллион теңге жобасында қаржы бөлініп, 2017 жылы пайдалануға берілуі тиіс болатын. Бұл су қоймасына тапсырыс беріп […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Миллиондар жұмсалған су қоймасы қайда,

Салыхан Сабырұлы? Мемлекет аудан-қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына көп қолдаулар білдіруде. Баспана салып, жолдарды жөндеп жатыр. Елді мекендерге газ, жарық, ауыз су тартудан да қаржы аяп жатпағаны белгілі. Шаруашылықты дамытамыз, егін егіп, пайдаға кенелеміз дегендерге су қоймаларын да салып беруде. Осындай қолдау-көмектің арқасында Қазақстанның қай саласы болмасын дамудың даңғыл жолына түсуі тиіс болатын. Өкінішке қарай олай болмай […]

Қоғам Мәселе

«Көрмес түйені де көрмес»

Қазіргі қоғамда кәсіпкерлер өздерінің кәсіптерінің нәсібін көру үшін неше түрлі жарнамалар беріп, тауарларының, көрсететін қызметтерінің сапасы жайлы баспасөз, теледидар, әлеуметтік желілер арқылы хабар беріп, жариялап жатады. Бұл жарнама, хабарламалар кәсіптерінің алға жылжуына ықпал етеді. Ал, кейбір кәсіп иелері күнделікті табысына малданып, кәсібін дөңгелетіп отырған мекен-жайына, яғни, ғимараттарына онша мән бере бермейді. Менің бұлай жазуыма түрткі […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Салыхан Полатов салғырт қараған мәселені

шаруалар Өмірзақ Шөкеев майшаммен қарайды деген үмітте Созақ ауданында 23-24 қаңтарда бет қаратпас қарлы боран тұрды. Соның салдарынан шаруалар көп малынан айырылды. Тіпті адам шығыны да орын алды. Бұл жөнінде газетіміздің 8 санында «Ажал құшқан адам мен қырылған малдың обалы кімге?» деген тақырыппен мақала жарияланған болатын. Содан бері арада екі ай уақыт өтсе де теріскейде […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Шолаққорғанды су басу қаупі бар ма?

Сауалды неге бұлай төтесінен қойып отырмыз? Себебі, жуырда ғана Созақ ауданының орталығы – Шолаққорғанның іргесіндегі Жеткіншек елді мекенін су жайлаған. Ол қайдан келген су? Жергілікті тұрғындар бұл судың қайдан келгені жайлы әртүрлі пікір айтады. Бірі жер асты суының көтерілуінен десе, енді бірі кәсіпкерлердің жер қазып, тас алу салдарынан бұлақ суы ағатын жүйенің бұзылуынан көреді. Тасы […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Ажал құшқан адам мен қырылған малдың обалы кімге?

Салыхан Полатовтікі салғырттық па, жауапсыздық па? Жұрт Теріскей атайтын Созақ ауданының табиғаты «тентектеу». Оңтүстіктің өзге аудандарында қаттырақ жауын жауса, мұнда алай-дүлей боран болады. Өңменіңнен өтер желі тағы бар. Соңғы жылдары оңтүстік өңірінде қыс жылы болып жүргенімен, Созақта олай емес. Әсіресе, биылғы «кәрі құда» біраз кәрін төкті. Жартытөбе ауылдық округінің азаматтары Ізжан Өміров пен Күмісай Жағыпарованың […]

Мәселе

Салыхан Полатов сөзге шорқақ па,

әлде тұрғындар асыра сілтеп жүр ме? Әкімдердің биылғы есебі де бітуге таяу. Карантиндік жағдайға байланысты олардың есебіне жергілікті тұрғындар жаппай қатыса алмады. Әрине, сақтық шараларының сақталғаны жақсы, бірақ «залды әкімдік қызметкерлері толтырғанша, сол орындарға неге халықтың өкілдері жайғастырылмады?» деп наразылық білдірген азаматтар да болды. Солардың бірі редакциямызға хабарласыпты. Өзін Сағындық деп таныстырған созақтық тұрғын әкімге […]

Мәселе

Созақта сол баяғы сорақылық

Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде «Созақтан жазылған арыз облыс асып, Президентке кетті» деген тақырыппен мақала жарияланып, онда Созақ ауданының бірнеше ауылында өткен жылы төселген асфальттың сапасыздығы сөз болған еді. Еске сала кетсек, аталған мақалада Тасты ауылының тұрғыны Ералы Талдыбаев есімді азаматтың сапасыз жолдар туралы жеткізген жанайқайын оқырман назарына ұсынғанбыз. Осы жанайқай өзге де оқырмандардың санасын оятса […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Созақтан жазылған арыз облыс асып, Президентке кетті

Мұны ағайынараздыққа балағандар әлі жайбарақат Созақ — Түркістан облысындағы мемлекет қазынасына қомақты қаржы құйып отырған донор аудан. Сол себепті де елдің әлеуметтік ахуалында оң өзгерістер көп. Соңғы екі жылдың өзінде жүздеген шақырым жолға тас, асфальт төселген. Ауылдарға көгілдір отын тартылып, электр жүйелері кезең-кезеңімен жаңартылуда. Алайда… Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жеңілдету мақсатында мемлекет тарапынан қаншама қаражат қаралып, инфрақұрылымды […]