Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар одағының (ҚЖО) мүшесі, сыршыл ақын, ұлағатты ұстаз, білікті басшы, профессор Әбілсапар Тұрғынбаевтың 75 жас мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті. Ә. Тұрғынбаев 1951 жылы Түркістан облысы, Төлеби ауданының Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1973 жылы Сарыағаш ауданындағы «Қызыл Ту», қазіргі «Сарыағаш» аудандық газетінде әдеби қызметкерден бастап, тілші, бөлім басшысы […]
