Бүгінде қарғалар көк жүзінде топтанып, ары-бері ұшып өтіп жүр. Әсіресе, таңертеңгі уақытта қарақұрым болып жиналып қалады. «Қар-қар» деп қарқылдайтындықтан біз оларды жақын қалған қыстың хабаршысы сияқты қабылдаймыз. Бұл қандай құс, қалай тіршілік етеді — ол жағын ойлай бермейміз. Ал тереңірек мән берсек, бұл тіршілік иесінің таңқалдыратын әрекеттері аз емес екен. Мәйіт жерлеуді меңзеген… Қасиетті Құран-Кәрімде […]
Метка: қыс
Құстардың қайтуы – құпиялы құбылыс
Күздің алғашқы айы ортасынан ауды, жыл құстарының алды өздерінің қыстап шығатын жағына қарай ұшып жатыр. Қыркүйек айында көшті қарлығаш, қараторғай, бозторғай, шымшық, таушымшық, бұлбұл сияқты жәндіктермен қоректенетін құстар бастайды. Қазір, мысалы, қарлығаштардың алды алыс жол үстінде. Олар үнемі күндізгі уақытта ұшып отырады, баратын жерінің қашықтығына қарай бірі оған 35-42 күнде, енді бірі 2-3 айда жетеді. […]

