Әлеумет Басты жаңалықтар

Тас диірмен – нан қадірін ұқтырады

Бұл көне диірмен (келі) – әжемнің қолынан өткен, оның өмірімен сабақтасқан қасиетті мұра. Әжем мұны 83 жасқа дейін қолданған екен. Кезінде осы диірменмен дән тартып, отбасының қажетіне жаратып, маңдай термен келген астың қадірін білген. Оның сылдыраған үнімен бірге әжемнің қолының табы, маңдай тері, отбасының берекесі, сол дәуірдің тынысы сезіледі. Бүгінде қол диірменнің орнын заманауи техникалар […]

Мәдениет және өнер

Құрақ құрау – өзгеше өнер

Құрақ құрау – қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан сәндік-қолданбалы өнерінің бірегей үлгісі. Ол тұрмыстық қажеттіліктен туындағанымен, уақыт өте келе ұлттық мәдениеттің, көркемдік талғамның және рухани құндылықтардың жарқын көрінісіне айналды. Әрбір құрақтың өрнегі мен түс үйлесімі халқымыздың дүниетанымын, табиғатпен үндестігін және өмір философиясын бейнелейді. Сондықтан құрақ өнері – тек қолөнер ғана емес, […]

Мәдениет және өнер

ШЕШЕННІҢ СӨЗІ – ТӘРБИЕ КӨЗІ

Шешендік өнер – тиісті адамгершілік өлшемдерін, кісілік қасиеттерді әр қоғам мүшесінің біліп, өмірдің түрлі жағдайларында жүйелі түрде пайдалануы. Бұл ретте әркімнің кісілік қасиеттерді бойына сіңіруге деген талпынысын, құлшынысын туғызудың қажеттігі, жұртты соған жұмылдырудың маңызы ерекше бағалы. Жамандау – кісіліктің кемдігі Қазақ шешендерінің кісілік кемелдік, адамгершілік тұрғы туралы концептуалды ойлары олардың өмір сүрген дәуірінің, заманының мәдени-әлеуметтік, […]

Uncategorized Мәдениет және өнер

СӨЗ МАРЖАНЫ — ТЕРМЕДЕ

Шымкентте «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінде «Сөз маржаны – термеде» атты республикалық термешілер байқауы өтті. Мектеп директоры, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов бұл маңызды жобаны қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығымен серіктестікте бірлесіп өткізгендерін айтады. Республикалық байқаудың Шымкентте ұйымдастырылуының өзіндік себебі бар: терме дәстүрі Оңтүстікте кеңінен дамыған. Ендігі кезекте […]