Шымкенттің сауда нүктелерінде көктемгі ағаш көшеттерін сату науқаны аяқталып келеді. Диқандар қалған көшеттерді солтүстік өңірлерге жөнелтуде. Осы орайда бізге «Жабық базарда» көшет саудасымен айналысатын Ерлан есімді азаматпен (суретте) аз-кем әңгімелесудің сәті түсті. Жұртқа пайдасы тиіп қалар деген ниетпен назарларыңызға екеуара әңгімемізді ұсынып отырмыз. Әңгімеміз тал басында тұрып пісетін өрік пен мейіз көшеттері туралы айтудан басталды. […]
