Мәселе

Қызылшадан сақтану шараларын білесіз бе?

Қызылша — жай ғана балалар ауруы емес, бұл ауа тамшылары арқылы жұғатын әлемдегі ең жұқпалы дерттің бірі, ол түшкіру, жөтелу және жақын қарым-қатынас арқылы беріледі. Вирус ауада және үстіңгі қабаттарда екі сағатқа дейін белсенді болып қалады, ауа ағынымен, мысалы, желдету жүйелері арқылы өте оңай таралады, сондықтан гигиенаны сақтау қызылшадан қорғануға көмектесе бермейді. Ауру адам денесінде […]

Біле жүріңіз

Эхинококкоз –паразиттік жұқпалы ауру

Ол ағзада, негізінен,бауыр мен өкпені зақымдайды. Бауыр эхинококкозына шалдыққан адам мынадай белгілерге шағымданады: құсу, тәбеттің төмендеуі, оң жақ қабырға астының ауырсынуы. Ал өкпе эхинококкозына шалдыққанда дене қызулап, интоксикациялық синдромдар, жөтел, қан аралас түкіру және кеуде тұсында ауырсыну байқалады. Эхинококкоздан хирургиялық жолмен емделеді. Эхинококкоз ауруы көбіне мал күтімі не мал сойған кезде жеке бас гигиенасының сақталмауынан, […]

Құқық

Мемлекеттік тілдің абыройын асқақтату — әрбір азаматтың абзал борышы

Тіл – адам ойы мен санасының жемісі, жаратылыстың аса күрделі көрінісі, қыры мен сыры мол қатынас-құралы. «Тәрбие басы – тіл» дейді Махмұд Қашқари. Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің […]

Мәселе

Ұлтқа деген дұшпандық…

Оқулықтағы тәрбиебұзар өлең балаға не үйретуде?. Бұрынғылардың әрбір сөзі қорғасын секілді салмақты келетін. Үлкендердің әңгімесін ұйып тыңдайтынбыз. Олар айтқан әңгіме жастарды әдептілікке, тәрбиеге баулитын. Бейәдеп сөздер балалардың көзінше айтылмайтын. Бала тәрбиесі бесіктен бастау алатын. Өйткені, бала жас шыбық секілді иілгіш, қалай исең, солай өседі. Бала тәрбиесінде, көзқарас көкжиегін қалыптастыруда ата-анадан кейінгі орынды мектеп алатыны талассыз. […]

Біле жүріңіз

Гепатит бауырды зақымдайды

Вирусты гепатит (сары ауру) – бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде «Боткин ауруы» деп атайды. Вирусты гепатиттің бірнеше түрлері бар: А, В, Е, С, Д.   Олардың ішінде  А вирусты гепатит (ВГА)  – дүние жүзінде кең тараған инфекциялардың бірі, бірақ  таралуы  әр  жерде  біркелкі  емес. Сырқат көбінесе балалар арасында жиі кездеседі, ауырғандар ішінде олардың үлес […]

Uncategorized

Бір сағат қорқор тартқан адам 200 есе түтін жұтады

Қорқор (кальян) дегеніміз темекі сияқты табакты тартуға арналған құрал. Қорқор парсы тілінен аударғанда жұтатын түтінді сүзгіден өткізетін және салқындатып отыратын, шегуге арналған құрал дегенді білдіреді. Никотин шегетін ағзаның қалауын толық қанағаттандыру үшін, адамға 20-80 минут қорқор тартуға тура келеді. Бір сағат қорқор тартқан адам, бір темекі тартқан кездегіден 100-200 есе артық түтін жұтады. Сондай-ақ оның […]

Қоғам

Шымкентке жаңа стадион не үшін қажет?

Мегаполистің қазіргі стадионы жанкүйерге тарлық етуде. «Футбол ойындарында Қажымұқан атындағы стадионға көрермен симай кетеді». Осылай дейтін оқырман көп. «Ордабасы» командасы ел чемпионы атанды. Қазақстанның намысын қорғап, Европаның чемпиондар лигасында өнер көрсететінін ескерсек, Шымкентке келетін шетелдік футбол командасы мен олардың жанкүйерлерін қабылдауға бірнеше жыл бұрын ғана жөндеуден өткен қазіргі стадион қауқарсыз болғаны ма? Ілияс ЖОЛДАСОВ, Сейдахмет […]

Басты жаңалықтар

20 миллионыншы бала Жетісайда тұрады

Сүйінші!2023 жылдың 14 қарашасында Қазақстанда халқының саны 20 милллиондық есепті бастады. Осынау тарихи дәйектің жарқын беті ашылуына себепкер болған еліміздің 5 өңіріндегі 5 сәби Мемлекет басшысының арнайы құттықтауына ие болып, 20 миллионыншы сәби атанды. Олар Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген балапандар. 3-еуі ұл, 2-еуі қыз. Түркістан облысында туылған сәби Жетісай ауданында […]

Біле жүріңіз

Шымкенттің ауасы таза ма?

Ластауыш заттар шығарындылары атмосфералық ауа сапасына, экожүйе мен халық денсаулығының тұрақтылығына ықпал етеді. Республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып табылатын Шымкент қаласында шығысында – Жамбыл, солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатыр.  Шымкент қаласы – Оренбург-Ташкент және Түркістан-Сібір халықаралық көлік 145 магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек, Ташкент-Шымкент-Тараз- Алматы […]

Мәселе

Кентаулықтар әкімдіктің ұсынысымен келіспей отыр

            Дауға апатты үй себеп болуда Кешегі аптада редакцияға Кентау қаласындағы Жібек жолы көшесінде орналасқан 39 үйдің тұрғындары қайта-қайта хабарласумен болды. Олардың сөзіне қарағанда бес қабатты тұрғын үйде бүгінде 30-дан астам отбасы тұрып жатыр екен. Бірқатары ақтөбелік сарапшы компанияның «Үй апаттық жағдайда» деп шығарған қорытындысына байланысты баспаналарына кіруден қорқып, көшіп кеткен. Ал басқа барар жері, […]