Басты жаңалықтар

РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ АЙЫ

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Қадірлі отандастар! Сіздерді исі мұсылман баласы асыға күтетін, он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа бірлік пен береке, бақыт пен шаттық тілеймін! Рамазан айы құтты болсын! Алла Тағала қасиетті Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңе дейінгі қауымдарға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Қарашаш ана – ғасыр құрдасы

Ару көктем мен аяулы әйелдер мерекесі қатар келіп, әлем гүлденуде. Ер азаматтар нәзік жандыларды жаппай құттықтап, мәре-сәре күй кешуде. Түркістан облысында 176 735 көп балалы ана тіркелсе, оның 59-ы ғасырдан ұзақ жасағандар екен. Екі ғасырдың ғана емес, сұрапыл соғыстың да куәсі болған мұндай жандарға қандай құрмет көрсетсек те артық етпесі анық. Сондай бақытты жанның бірі […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Хиджама жасауға болады ма?

ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 132 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында дәстүрлі медицина, емшілік қызметті жүзеге асыру үшін медициналық қызметке лицензияның болуы қажет. Лицензиялауға жататын медициналық қызметтер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген. Бұл заңда медициналық қызметтің, қолдануға рұқсат етілген дәстүрлі медицина түрлерінің тізімі көрсетілген: гомеопатия, […]

Әлеумет Басты жаңалықтар

Жол жабық

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша 16.02.2023 жылы сағат 15:30-дан бастап Жамбыл облысындағы автокөлік жолының жабылуына байланысты республикалық маңызы бар А-2 «Хоргос – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент» автокөлік жолының 593-652 шақырым бөлігінде (Жамбыл облысы шекарасы мен Түркістан облысы Түлкібас ауданы Машат ауылы аралығы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Әлеумет Басты жаңалықтар

МӘМС: ӨТТЕГІ ТАСҚА ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының №1 жансақтау бөліміне 69 жастағы науқас ауыр жағдайда жатқызылды. Ауру белгілерінде жүрек айну, құсу, ауыздың құрғауы, шөлдеу, бас ауруы, асқа тәбеттің төмендеуі, дененің ауырсынуы, әлсіздік болған. Науқасқа дәрігерлер тексеру жүргізу барысында эзофагодуоденоскопияда холедоходуоденальды жыланкөз анықталды. Мұнан соң, науқастың құрсақ қуысына магнитті-резонансты зерттеуі жүргізілді. Нәтижесінде өт-тас ауруы және жіңішке ішектің жедел обструктивті […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Тасқынға қашан тосқауыл боламыз?

Өткен апта Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен бірнеше аудан тұрғындары үшін оңай болмады. Әсіресе жаңадан құрылған Сауран ауданы табиғаттың тосын сыйына тап болды. Жауын-шашынның шамадан тыс көп жаууына және қар, мұздықтардың еруінен арық-атыздарда судың тасуына байланысты бұл ауданда бірнеше елді мекенге су кірді. Бір ғана Шаға елдімекеніндегі 50 түтіннің ауласын су алып, 120 […]

Басты жаңалықтар Біле жүріңіз

СЭБҚ мамандары қай кезде тексере алады?

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен бақылаудағы нысандарды тексерудің өз тәртібі бар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен бақылаудағы нысандарды тексеру тәртібі біршама өзгерді. Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 […]

Басты жаңалықтар Құқық

Шардарада полицияға шағымдансаңыз

дәлелді өзіңіз іздейсіз… Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 1 қыркүйегінде «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа жасаған Жолдауында құқық қорғау саласының жұмысына қатысты былай деген болатын: «…ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Шымкентте су қоймаларынан қауіп бар ма?

  Биылғы қыс Шымкентте ерекше болғаны рас. Жаңа жыл қарсаңында жауған қалың қар әлі толық еріп кеткен жоқ. Аязды күндер мұрша бермеген қардың тіні енді ғана ажырауда. Аяз сынып, күннің көзі күлімдей бастағанымен қыстың аты қыс. Десе де көктемгі жауын-шашынды күндерге дайындық қажет-ақ. Қамсыз отыруға болмайды. Сол себепті де Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов су […]

Басты жаңалықтар Мәселе

 Полиция ұрыны жасырып отыр ма?

Бүгінде ауылдардағы ең өзекті мәселенің бірі – мал ұрлығы. Баяғының барымташыларында ар-ұят болған екен. Жиын-тойға, ас-құдайыға, көрші-қолаңға таратылатын бордақыға дайындалған белгімалдарды айналып өтіп, кедей-кепшіктің төрт түлігіне тимеген. Қазір ше? Ұрылар бір бейшараның бала-шағасын асырап отырған жалғыз жылқысы немесе сиыры деп аяушылық танытпайды. Керісінше іздеушісі жоқ деп сондайлардың малын жетектеп әкетуге әуестенді. Жалпы, барымташы болсын, ұры […]