Мен табиғатты қорғау мәселесіне жіті көңіл бөлетін адаммын. Айналаны ластамау, лажы болғанынша көгертіп, көктетуге үлес қосқанды қалайтындықтан бала-шағама да ағаш егіп, гүл өсіріп, ауланы көгалдандырып отыруды насихат етіп жүремін. Айтайын дегенім, күз келіп, ауладағы ағаштардың жапырағы сарғайып, түсе бастады. Сарғайған шөпті де орып, бау-бақшаны реттейтін кезең. Бірақ, сол жапырақты не істеу керегін білмей жылда дал […]
Автор: admin
Дезинфекциялау
Емдеу мекемелерінде дезинфекцияларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар Емдеу – алдын алу мекемелері – бұл халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін және алдын алу шараларын жүзеге асыратын медициналық мекемелер жүйесі. Атап айтқанда, оларға науқастарды стационарлық емдеуге арналған әртүрлі саладағы аурухана мекемелері, амбулаторлық – емханалық мекемелер мен диспансерлер (туберкулезге қарсы, тері – венерологиялық,психо – […]
Келес ауданында бала құқын қорғау туралы жиын өтіп жатқанда…
баланың құқы бұзылды «Халыққа бір тиын пайдасы жоқ ай сайын бас қосқан жиын болады…». Мұны айтқан ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Мөңке би. Болашақты дәл болжаған бабамыз ай сайын жиын болады десе, қазір күн сайын, тіпті бір күнде бірнеше жиын болатын жағдайға жеттік. Ал пайдасы қане? Сөзімізге тұздық ретінде айтайық, осы жылдың 21 қыркүйек […]
«Мектеп керек!»
Абай ауданының тұрғыны М.Төлегенова Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде осылай деп мәселе көтерді. Тұрғынның талап-тілегін ескерусіз қалдырмаған қала басшысы есептік кездесуден кейін айтылған аумаққа – «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына арнайы барып, мәселенің мән-жайымен танысты. Қала басшысына тұрғындардың өтінішін жеткізген М. Төлегенованың айтуынша жыл сайын халық саны артып келе жатқан елдімекенде […]
Қарабұлақ қала мәртебесін алады
Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылауға арналаған (бұдан әрі қарай –Ашық НҚА) порталында қыркүйектің 12-сі күні осындай мәлемет жарияланды. Яғни, 2021 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына» өзгеріс енгізу жобасы әзірленген. Жобада әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қалалардың, яғни халық саны 10 мың адамнан кем қаланың әкімшілік мәртебесін өзгерту процесі жүргізілетіні […]
ШАРДАРАЛЫҚ ШАБАНДОЗ АРУ
Биыл ОҚМПУ-дың физика-математика факультетіне Балнұр Нұран атты ару оқуға түсті. Мұғалім болғысы келеді. Балнұр жылқы баптап, көкпар шабады. Иә, көкпар шабады. Алты жастан аттың құлағында ойнаған ару Шардара қаласының Қызылқұм ауылында туған. Кішкентайынан ата-әжесінің бауырында өскен Балнұрды атқа көкелері баулыпты. Қаншама рет жылқы теуіп құласа да ол төрт түліктің төресінен алыстаған жоқ. Керісінше өскен сайын […]
Шымкентте балалар уланып жатыр…
ал құзырлы орындар дәрменсіз Өткен аптаның бейсенбісінде Шымкент қаласындағы №99 мектеп-гимназиясының ата-аналарына ортақ вацап желісіндегі чатында аяқ асты шу басталды да кетті. Мәселе былай екен. Мектептің іргесіндегі дүкеннен осы мектептің оқушылары күмәнді бір затты алып жеген. Салдарынан бірнеше оқушы ауырып, сабаққа бара алмай үйінде жатып қалған. Чаттағы жазбаларға назар аударсақ, Әдия есімді ана былай дейді: […]
Өзгеге үлгі мемлекеттік қызметші
Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен төзімді қажет ететін, ел игілігіне бағытталған абыройлы міндет. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші болу үшін түрлі этаптардан, сонымен қоса сынақ мерзімінен өту керек. Көп ішінен іріктеліп, оза шыққан маман мемлекеттік қызметші атанады. Мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек ету үлкен күш-жігерді талап етеді. Осындай ұзақ жыл еңбек еткен үлгілі мемлекеттік қызметшілердің […]
«Қазан жарыс» қандай ырым?
Салтыңды сақта Қазақ дейтін елдің балаға деген ерекше мейірімі, ұрпағы үшін жанын аямайтын жанкешті ықыласы – тектілігін терең танытатын қасиеттерінің қаймағы десе де болар. Келіннің құрсағындағы шарананы білген күннен бастап апа, әжелердің қуанышы «Құрсақ шашу» дейтін ырымның өзін тойға айналдырады. Қазақтың алтын құрсақ аналарының ниеті қандай тамаша. Біздің айтпағымыз сәбиін тоғыз ай он күн көтерген […]
Домбыра харам ба?
Әлеуметтік желіде кейбір іні-қарындастарымыздың «домбыра шерту, беташар жасау, келіннің сәлем салуы – харам» деген мағынада айтқан пікірі қоғамда түсінбеушілік тудыруда. Осыған байланысты азаматтар тарапынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сауалдар келіп түсуде. Ислам әлеміндегі танымал ғұламалардың бірі де бірегейі Имам әл-Ғазали мен Әбу Ханифа мәзһабының көрнекті ғалымы Абдул-Ғани ән-Нәбулусидің көзқарасы бойынша дінді насихаттау, халықты отансүйгіштікке, имандылыққа, […]









