Қазығұрт ауданының Қақпақ ауыл округінде бір мезгілде 5 мың ірі қараны бордақылауға мүмкіндік беретін заманауи кешен бой көтеруде. Инвестициялық жобаны «Қарқын-2030» серіктестігі жүзеге асыруда. Америкалық технология бойынша 4,3 миллиард теңгеге салынып жатқан кешенді облыс әкімі Нұралхан Көшеров барып көрді. Аталған кешен 16 гектар аумақта орналасқан. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Заманауи талаптарға сай салынып жатқан […]
Экономика
Ордабасының өндірістік қуаты арту үстінде
Бүгінде инвестиция тарту – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі. Инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік туады. Ал бұл бағытта Ордабасы ауданында қандай шаруалар атқарылып жатыр? Бұл жөнінде аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтан сұраған едік. «Биылғы жыл басынан бері ауданға тартылған инвестиция көлемі 38,2 […]
Түркістан мақтасымен мақтана алады
Түркістан облысы – Қазақстандағы мақта өсіретін жалғыз өңір. Отан қамбасына тек шикізат беріп қана қоймай, тоқыма өнеркәсібін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр. Облыстағы «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» серіктестігі 52 мың гектар аумаққа мақта егіп, онда тамшылатын суғару сияқты заманауи озық технологиялар пайдаланылуда. Бүгінде мақта өнімін жинап алу жұмыстары жүріп жатыр. Облыста мол өнімді қабылдауға және […]
Түркістанда тоқыма дамымақ
Оңтүстікте «ақ алтын» терімі басталып, шаруалардың жаз бойғы еңбектің жемісін көретін кезі келді. Мырзашөл өңіріне барсаң, ертеден кешке дейін қайнаған еңбек. Барлығының ойында – ауа райы бұзылмай тұрып ақ ұлпаны жинап алу. Бұл мәселеде шаруалардан бөлек, аудан басшылары да тынымсыз еңбек үстінде жүр. Осынау қайнаған тіршілік жайында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров былай дейді: […]
Сауранда аммиак пен карбамид өндіріледі
Сауран ауданындағы арнайы экономикалық аймақта жобалық құны 200 миллион АҚШ долларын құрайтын зауыт салынады. Кәсіпорын жылына 250 мың тонна синтетикалық аммиак пен 300 мың тоннаға жуық карбамид өндіретін болады. Жобаның толығымен жүзеге асуы 300 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Сөйтіп ол Түркістан облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға өзіндік үлесін қосады деп күтілуде. Бүгінде бұл жобаға […]
КӘСІПКЕРЛІККЕ – КЕҢ ӨРІС
Түлкібас ауданында инвестициялық штаб отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Асқар Естібаев төрағалық етті. Штаб отырысына аудан прокуроры Ескендір Бекманов, аудандық полиция бөлімінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, бөлім басшылары және бірқатар кәсіпкерлер қатысты. Онда кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру мәселелері талқыланды. Ауданда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың […]
Бәйдібекте байыпты бағдарламалар жүзеге асуда
Бүгінде Түркістан облысы еліміз бойынша көптеген көрсеткіштерде алда келеді. Бұл істе, әрине, әрбір ауданның қосып жатқан өзіндік үлесі бар. Аграрлы Бәйдібек ауданы да әлеуметтік-экономикалық жағынан өркендеп келеді. Ауданның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайында аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпейіс Ақбаевпен сұхбаттастық. – Нұрпейіс Оразханұлы, Бәйдібек ауданының қазіргі әлеуметтік-экономикалық әлеуетін қалай сипаттауға болар еді? – Ауданда соңғы үш […]
ІРІ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Түркістан облысында көптеген ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл іске Мақтаарал ауданы да өз үлесін қосуда. Кешегі күні аудан әкімі Бақыт Асанов өңірдегі арнайы экономикалық аймақта іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысымен танысты. Бұл жобалар 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады. Сөйтіп аудан экономикасын әртараптандыруға, жаңа өндіріс орындарын қалыптастыруға және өңірдегі инвестициялық белсенділікті арттыруға мүмкіндік […]
Қалдықсыз өнім өндірілмек
Түркістан облысында түрлі кәсіпорындар іске қосылып жатыр. Кейбірінің айналысатын шаруасы жұртқа таңсық көрінетіні де рас. Соның бірі – мал сүйектерін өңдеу зауыты. Ол Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында іске қосылмақ. Жобаның іске қосылуы Ордабасы ауданында терең өңдеу өндірісін дамытуға, мал шаруашылығы қалдықтарын кәдеге жаратуға және жаңа өндірістік тізбек қалыптастыруға жол ашады. Жалпы инвестициялық құны – […]








