Біле жүріңіз

Радиотехникалық құрылғыларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Радиотехникалық құрылғыларға қойылатын

 Кәзіргі өмірді тұрмыстық техникасыз елестету өте қиын. Мысалы, компьютерлер, теледидар қабылдағыштары, ұялы байланыстар, микротолқынды пештер, және т.б. озық технологияның жемісі болып табылатын түрлі құрылғылар электромагниттік өрісті тудырады.

Электромагниттік өріс (ЭМО) — электромагниттік тербелістердің көзіне жақын жерде және оның таралу жолының бойында туындайтын өріс болып табылады.

Оның адам ағзасына қандай зияны бар,соған тоқталсақ.

Адам ағзасына электромагниттік сәулелену әсіресе имуундық жүйеге, жүйке, репродуктивтік және эндокриндік жүйеге әсері бар,естуқабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Электромагниттік сәулеленумен үнемі байланыста болған адам радиотолқын ауруынан зардап шегеді.

Кәсіпорындарда жұмысшыларды электромагниттік сәулеленуден қорғау үшін жұтатаын,шағылыстыратын материалдар мен ауытқу құрылғылары қолданылады. Соңғы жылдары теле-радио,ұялы және басқа да байланыстың сапасын арттыруға бағытталған радиотехникалық құрылғылар (РТҚ) тұрғын,қоғамдық және басқа да ғимараттардың шатырына,қабырғаларына орнату кеңінен етек  алына  байланысты осы радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар  туралы түсіндіре кетейін. «Радиотехникалық құрылғыларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы №ҚР ДСМ-19 бұйрығымен бекітілген. РТО-ны (РТҚ) орналастыру халықтың санитариялық-эпидемилолгиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемилолгиялық қорытындыға  және жобалау құжаттамасында мәлімделген сипаттамаларға сәйкес келеді.

Осы Санитариялық қағидалардың санитариялық-эпидемиологиялық талаптары стационарлық таратушы РТО :

  • телевизиялық хабар таратуға арналған радиотаратушы құрылғылардан;
  • дыбыстық (радио)хабар таратуға арналған радиотаратушы құрылғылардан;
  • эфирлік-кабельді телевизия станциялардан;
  • ультрақысқа толқынды және транкингтік радиобайланыс жүйесіне арналғанқабылдау-таратушы радиоэлектрондық құралдан(РЭҚ);
  • стационарлық (базалық) ұялы байланыс станциялардан;
  • қысқатолқынды ауқымдағы РЭҚ-дан;
  • таратқышының қуаты 1 Ваттан (Вт) артық радиорелелік станциялардан;
  • таратқышының қуаты 2 Втжәне одан жоғары базалық сымсыз радиоқолжетімділік (WLL) жүйелерден;
  • стационарлық (жердегі ) спутниктік байланыс станциялардан;
  • теңіз,әуе қызметтердің РЭҚ-дан (оның ішінде жағалаудағы, радиолокациялық станциялар,радиошамшылақтар);
  • стационарлық ұзақ уақыт радиобасу жүйелерінен болатын 30 килоГерц-300 ГигаГерц радиожиілігі диапазонындағы электрлі магниттікөрісінің (ЭМО) адамның денсаулығына қолайсыз әсерін болдырмауға бағытталған.

         Нысаналы мақсаты бойынша РТО(РТҚ) орнатуға арналған радиотехникалық бейіндегі объектіде (шатырда,антенна-мачта құрылысында, жер учаскесінде) иесі 1(бір), 1(бір) немесе әртүрлі иелердің 2(екі) және одан көп РЭҚ орналасқан жағдайда объектінің меншік иесі объектідегі антенналардың түрлері менқуатына қарамастан,барлық РЭҚ-ты есепке ала отырып,бір санитариялық-эпидемилолгиялық қорытынды ресімделеді.

        Санитариялық-эпидемилолгиялық қорытындыны ресімдеу үшін жобалау құжаттамасын аумақтық бөлімшеге иелігінде РТО (РТҚ) болатын жеке және (немесе) жобалау ұйымдары ұсынады.

Нысаналы мақсаты бойынша РТО(РТҚ) орнатуға арналмаған  жер учаскелерінде инфрақұрылымы бар, жаңадан орналастырылған  РТО (РТҚ) қондырғыларын қоспағанда Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 25- бабының 3-тармағында айқындалған РТО орналастырылады. Сәулелену қуаты 100 ВТ және одан жоғары диапазоны 30 МГц және одан жоғары РТО (РТҚ) таратушы антенналарын тұрғын үйлердің, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың шатырларында  орналастырмайды.

Тұрғын үйлердің, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың шатырларының ортасында  орналастырылатын тік жазықтықтағы (төменге еңіспен) ең жоғары сәулелену қуаты 25 Вт және одан жоғары болатын секторлық  сәулеленудің РЭҚ антенналары шатыр деңгейі 5м және одан жоғары биіктікте орнатылады. Шеңберлік және секторлық сәулеленудің РЭҚ антенналарын, сондайақ спуиниктік байланыс станцияларының антенналарын адамдардыңболуына арналған ғимараттардың (өндірістік, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар) шатырында,тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 42-1-бабының ережелеріне және Байланыс туралы Заңының 29 — бабының ережелеріне сәйкес тұрғын емес үй-жайлардың,көппәтерлі түрғын үй пәтерлерінің меншік иелерінің жиналысында қабылданған және хаттамамен рәсімделген шешім бар болған жағдайда және мынадай шарттардың біреуі сақталған жағдайда орналастыруға рұқсат етіледі:

  1. жоғарғы қабаттың темір-бетон жабынының болуы;
  2. металл шатырдың болуы;
  3. техникалық қабаттың болуы:

        Ғимарттар мен құрылыстардың ішінде тек осыған арнайы арналған ішкі (indoor) (индор) антенналардыорнатуға жол беріледі. Осындай антенналар көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ пайдалану орындарында орнатылған жағдайда,Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 42-1-бабының ережелеріне және Байланыс туралы Заңының 29-бабының ережелеріне сәйкес тұрғын емес үй-жайлардың,көппәтерлі түрғын үй пәтерлерінің меншік иелерінің жиналысында қабылданған және хаттамамен рәсімделген шешім бар кезде орнатуға рұқсат етіледі.

       РТО (РТҚ) жабдықтары бар контейнерлер тұрғын үй, қоғамдық және жұмыс үй-жайларының ішіне орнатуды қоспағанда, техникалық үй-жайларда желілік жабдығы бар телекоммуникациялық шкафтар(тіректерді) орналатырылады.

      Жалпы білім беру ұйымдарының жер учаскелерінде жобаланатын РТО (РТҚ) орналастыру шаруашылық аймағында жүзеге асырылады. Жалпы білім беру ұйымдарының шаруашылық аймағына бөлек кіретін (кіреберіс) жолы және асхананың өндірістік үй-жайлары жағында және оқу-тәжірибелік аймағындажақын орналасқанаймақтар жатады.

      СҚА шекералары  жер бетінен 2 м биіктікте айқындалады. СҚА өлшемі РТО-ның болашақтағы дамуын ескере отырып, антеннаның негізінен бастап есептеледі. РЭҚ тудыратын ЭМӨ деңгейлерін бағалау үшін есептеу және зертханалық-аспаптық әдістер пайдаланылады. ЭМӨ деңгейлерін бағалаудың зертханалық-аспаптық әдісі кезінде « Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» Заңына сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен және тиісті сертификаты бар өлшеу құралдарын пайланады. Өлшеу құралдарының салыстырмалы қателік шектері Ұ 30 % және одан кем пайызды құрайды. Өлшеу нәтижелерін гигиеналық бақылау өлшеу құралдарының қателігін ескере отырып жүзеге асырылады. Электр(магниттік) өрісі кернеулігінің деңгейлерін және ЭМӨ энергиясы ағыныныңтығыздығын өлшеу « Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 94-бабаына сәйкес бекітілетін әдістемелік нұсқауларға сәйкес жабдықты сәулеленудің ең жоғары қуатынақосқан кезде жүргізіледі. РТО (РТҚ) ЭМӨ деңгейлерін зертханалық-аспаптық зерттеулер иелігінде РТО (РТҚ) болатын жеке және заңды тұлғалар :

  1. РТО (РТҚ) пайдалануға берілгенде;
  2. пайдалануға енгізілетін және жұмыс істеп тұрған РТО (РТҚ) СҚА, ҚША шекераларын нақтылау қажет болғанда;
  3. ЭМӨ деңгейіне әсер ететін РТО (РТҚ) жұмыс жағдайлары мен режимі өзгергенде (антенналар бағдарының өзгеруі,таратқыштар қуатының көбеюі);
  4. РТО (РТҚ) іргелес аумақта жағдайлықжоспар өзгергенде;
  5. Радиоәуескойлық радиостанциялар антенналарын,азаматтық ауқымдағы радиостанцияларды орналастырғанда;
  6. ЭМӨ деңгейлерін төмендету бойынша іс-шаралар өткізілгеннен кейін жүргізеді.

РТО (РТҚ) ЭМӨ деңгейлеріне зертханалық-аспаптық зерттеулерді РТО (РТҚ) операторларына тексеру жүргізу кезінде немесе селитебті аумақта аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

Г.Керимбаева,

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  басқармасының жетекші маманы                                                 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *