Мәселе

Су есептегішті ауыстырамын деп алдайтындар бар

  • Білгеніңіз жөн

«Есептегіш құралды ауыстырып беремін» деп тұрғындарды сазға отырғызып кетіп жатқан алаяқтар жүр. Есіңізде болсын, Шымкент қаласындағы бірден-бір мамандандырылған ұйым – «Водомер» ЖШС. Бұл мекеме су есептегіштерді тексерумен және ауыстырумен айналысады. Серіктестікте заманауи, сертификатталған жабдықтармен қамтылған өндірістік база бар, ол жеке үйлер, пәтерлер және өнеркәсіптегі су есептегіш құралдарын жіті тексеруге мүмкіндік береді.

Қолданыстағы су есептегіш құралы паспортында көрсетілген тексеру аралық интервалға сәйкес тексеріледі, сондай-ақ қоймада ұзақ уақыт жатып қалған жағдайларда пайдаланар алдында міндетті түрде тексеріледі. Егер сізге су инспекторы «есептеу құралын тексерту керек» деген хабарлама берсе (тексеру мерзімін Telegram чат-ботынан да білуге болатынын ескеріңіз, сілтемесі: wrm bot) мамандандырылған және лицензиясы бар кәсіпорынға өтініш беруіңіз қажет. Мысалы, «Водомер» ЖШС-інде өтінішіңізді қабылдаған диспетчер сізге шебердің келетін күнін нақтылап айтады. Маман есептегіш құралды бөлшектеп, оған құжат рәсімдейді, есептегішті абоненттің өзіне қалдырады. Әрі қарай тұтынушы қай кәсіпорынға тексертуге апаратынын өзі таңдап, алып барады. Тексерген мекеме сертификат береді, ал деректер «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС биллинг жүйесінің базасына енгізіледі. Жаңа есептегіш құралын орнату керек болса, шеберхана маманы суды есептеу құралын желіге орнатып, қосып береді және оны пломбалайды, сондай-ақ құжаттарын, яғни суды есептеу құралын орнату бойынша келісім-шарт, істелген жұмыстың актісі, су өлшегішті ауыстыру актісі және құралдың паспортын береді. Тұтынушы төлем түбіртегін «Водомер» ЖШС кеңсесінен ала алады.

«Водомер» ЖШС директоры Ғалымжан Қаңлыбаевтың айтуынша, диаметрі 15 мм-лі суды есептеу құралын тексеру «Водомер» ЖШС-де 7275 теңгені құрайды, бұл сомаға бөлшектеу және тексеру жағдайында су өлшегішті қайта монтаждау жұмысы кіреді.

– Көпқабатты үй тұрғындары үшін суды есептеу құралын орнату 13451, жеке жер үйлерде — вентильді ауыстырумен бірге 14862 теңгені құрайды. Жоғарыда көрсетілген қызмет пен өзгерістер туралы деректер автоматты түрде «СРМ» ЖШС биллинг жүйесінің дерекқорына енгізіледі. Көпқабатты және жер үйлердегі су есептегіш құралдарын ауыстыру бағасында айырмашылық бар, өйткені жеке секторда суды есептеу құралымен бірге клапан да ауыстырылады. Себебі, бұл ең осал жер, оны міндетті түрде ауыстыру керек. Тексеру қалай жүргізілетінін маманнан артық ешкім айта алмайды, — дейді ол.

Ал осы мекеменің метрологы Сергей Меньшинин былай дейді:

– Есептегішті тексеруді арнайы зертханасы бар, тиісті жабдықтармен қамтылған орында жүргізіп, кем-кетігін нақты анықтап, қорытынды шығарған дұрыс. Есептегіш құралын сертификаттауға және оны одан әрі пайдалануға рұқсат беретін тұс та маңызды. Су өлшегіші жарамсыз болса, оны барлық стандарттарға сәйкес келетін жаңа есепке алу аспабына ауыстырып, оны растайтын құжатын, анықтамасын береміз.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *