Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу бүгінгі күні республикадағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Сыбайлас-жемқорлық бірталай
экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында
елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі
болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады,
себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді. Сыбайлас-жемқорлық
әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің
монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді
және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жоюын
білдіреді. Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің
барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның
құлдырауына ықпал етеді.
Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған
қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.
Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту, кеден органдарымен жүзеге асырылады. Кеден органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге, оларды қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс. Заңға сәйкес кеден органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.
Қандай мемлекеттік органдар сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметті жүзеге асыра алады деген сұраққа жауап берер болсақ, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады. Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге, оларды қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс.
Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.
Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана
қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша
басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға
ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық
сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру
керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да
бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану
керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Талғат Сермаңизов, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы