Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеніне биыл алты жыл толды. Осы уақыт ішінде денсаулық сақтау саласында ауқымды өзгерістер жүзеге асып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы айтарлықтай жақсарды. 2026 жылдың алғашқы алты айында Түркістан облыстық филиалының атқарған жұмыстары, МӘМС жүйесіндегі негізгі өзгерістер, сақтандырылмаған азаматтардың мәселесі және алдағы жоспарлар туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» […]
Метка: жұмыс
Уақытты орнына қайтарайықшы!
Құрметті редакция, менің осы пікірімді газеттеріңізде бассаңыздар екен. Өйткені бұл мәселе бүгінде талай жанды мазалап жүрген болуы әбден мүмкін. «Бір уақыт белдеуіне келтіреміз» деп сағатты жылжытқанына да екі жыл болды-ау. Амал жоқ, адам бәріне де үйренеді ғой. Үйреніп келеміз. Қайтеміз енді… Бәрінен бұрын ұйқының қанбайтыны қиын болды. Өз басым ұйқыбас емес едім, бірақ осы сағат […]
Мәжіліс мәйегі – жастар жайы
Жастар – үлкен күш. Оларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жақсы маман болып қалыптасуына, алғашқы еңбек жолына қадам басуына қолғабыс жасау маңызды. Осы және өзге де мақсатта Түркістан облысында жыл басынан бері 4536 іс-шара ұйымдастырылып, оған 434 мыңнан астам жас қамтылған. Ресми дерекке жүгінсек, өңірде жыл басынан бері 15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі […]
ӘБІРЖІГЕН ӘЙЕЛ,АЛАҚАН ЖАЙҒАН БАЛА…
Кешегі аптаның бейсенбі күні «Самал» базары төңірегіндегі жерасты өткелінде қайыр сұрап отырған әйелді көрдік. Жанында кішкене екі баласы бар. Өткен-кеткеннің көзі үйреніп кеткен бе, оларға тиын-тебен тастаған адам байқамадық. Бұл әйел мұндай күйге қалай душар болған? Күйеуі бар ма? Қайда тұрады? Неге қайыр сұрап жүр? Осы сұрақтарды қоймақ әрекетімізден нәтиже шықпады, жауап бергісі келмеді. Мүмкін […]
8 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Шымкенттегі Көрме орталығында өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан да жұмыс берушілер келіп қатысты. Іс-шара кезінде барлығын қосқанда 8 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылып, таныстырылды. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлім етті. Алғашында жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады […]




