Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған брифинг кезінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жұртшылық тарапынан қойылған сұраққа орай мына жай туралы да айта кетті: Бүгінде Шымкент әуежайының жаңа терминалы алдындағы автотұраққа инвестор бірнеше аумаққа бөліп автотұрақ салып жатыр. Жолақтар арасы – екі метрден. Бірінші зонада көлік 15 минуттан артық тұрса, иесі 10 мың теңге төлейді. Яғни […]
Метка: Сәрсен Құранбек
Сататын мал құжатсыз болмасын
Еліміздің ветеринария туралы Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы бірдейлендірілуі және деректер базасына енгізілуі тиіс. Осыған сәйкес сатылымға түсетін жануардың иесі тұрғылықты жерінің қолайлы аймақ екені жөнінде ветеринариялық анықтаманы, жануардың төлқжатын, аса жұқпалы қауіпті ауруларға қарсы егу іс-шарасы туралы мәліметті көрсетуі тиіс. Олар болмаған жағдайда мал базарға кіргізілмейді. Тексеру жүргізу рейді кезінде тек өткен аптада […]
Спорт нысандары көбеюде
Шымкент қаласында 855 спорт нысаны бар. Биылғы жылы қалада 5 нысан құрылысы басталған. Оның екеуі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының есебінен салынатын болады. Тиісті құжаттары дайындалуда. Еңбекші ауданының Бадам, Қарабастау елді мекендерінде демеуші есебінен екі жылдам құрастырмалы модульдік нысан құрылысы салынды. Қалада жаңа стадион құрылысы жүріп жатыр. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, алдағы жылы Шымкентте […]
ШЫМКЕНТТЕ НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?
Шымкенттің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдеріне арналған кезекті брифинг өтті. Жиында қала әкімдігінің ресми өкілі, әкім орынбасары Сәрсен Құранбек шаһардағы өзекті мәселелер жөнінде баяндады. Мүмкіндігі шектеуліге – мүмкіндік Шымкенттегі психикалық-неврологиялық ауытқулары бар 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №6 әлеуметтік көмек көрсету орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жөндеуіне 1,3 миллиард теңге жұмсалған […]
Шымкенттің дәрігерлері — мықты
Шымкентте дәрігер мамандарды даярлау, қайта даярлау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. 2023 жылы 183 миллион 149 мың теңгеге 48 маман қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өткен. Израильде –16, Түркияда 32 маман біліктілігін арттырған. 2024 жылы 201 миллион 990 мың теңге бөлінген, 165 маман біліктілігін арттырған. Ресейде – 45, Ресейден келген тәлімгерлердің қатысуымен 120 маман шеберлік сыныптарына қатысқан. […]
Қардан тазартуға техника дайын
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған брифингте қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек алдағы қыста Шымкент көшелерін қардан тазартуға дайындық жұмыстарының барысы жөнінде айтып өтті. Қаланы қардан тазарту жұмыстары 5 аудан мен жайлы ортаны дамыту басқармасының тарапынан жүзеге асырылады. Жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 891 шақырымды құрайтын 4900 магистральды көше бар. Көшелердің санитарлық және механикалық тазалау шаруаларын […]
«Ерекше балалар» саны артуда
Бұрын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарамағында болып келген ерекше балаларға арналған «Қамқорлық» оңалту орталығы білім басқармасына алынды. Бұған 2023-жылы Жоғарғы аудиторлық палатаның берген қорытындысы мен басқа да бірқатар жайлар себеп болып отыр. Енді оңалту орталығының көмек көрсету аясы кеңейіп, онда қосымша қызметтер көрсетілетін болады. Мысалы, иппотерапия бойынша «Қамқорлық» пен қалалық спорт басқармасына […]
Тұмауды оңай жау демеңіз
Күзде жедел-жұқпалы тыныс жолдары ауруларының, тұмау мен тұмаутектес вирустардың бас көтеретіні белгілі. Қазан айының басынан Шымкентте тұмау жұқтырған 3,5 мыңнан астам адам дәрігер жәрдеміне жүгінген. Осыған орай қаладағы медициналық мекемелердің жұмысы күшейтіліп отыр. Маусымдық аурулардың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, жұқпалы аурулар ауруханасында төсек-орын саны арттырылған, бірқатар емдеу орталықтарында қосымша стационарлық орындар ашылған. Науқастар үшін […]
Шымкенттің Бас жоспары тағы өзгереді
Шымкент қаласының Бас жоспарына бірқатар өзгерістер енгізілмек. Бұл жөнінде журналистердің қойған сұрағына орай қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек баспасөз мәжілісінде баян етті. Бас жоспарға өзгерту енгізуге бірнеше мәселе себеп болуда. Олар: Ұшу-қону жолағы ұзартылады 2024-жылы қалаға қосымша ұшу-қону жолағы қажет екені анықталып, әуежайда осы бағытта жұмыстар басталған. Енді соны Бас жоспарға ендіру қажет. Қауіпті аймақтар […]








