Қазақ халқының рухани әлемін, ұлттық болмысын, ғасырлар қойнауынан жеткен тарихы мен тағдырын бір ғана құдіретті аспаптың үнімен бейнелеуге болатын болса, ол – қасиетті домбыра. Қос ішегінен төгілген қоңыр күй халқымыздың мұңын да, қуанышын да, арманын да, азаттығын аңсаған асқақ рухын да бүгінгі ұрпаққа жеткізіп келеді. Сондықтан домбыра – қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, […]
Метка: құндылық
БЕСІК – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАСЫ
Бесік – ұлттың тәрбиесі мен тағылымын, салт-дәстүрі мен дүниетанымын бойына жинаған қасиетті мұра. Сәбидің алғашқы ұясы болған бесік ғасырлар бойы қазақ отбасындағы береке мен тәрбиенің алтын арқауы болып келеді. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздің астарында терең мән жатыр. Өйткені әрбір адамның мінезі мен болмысының қалыптасуы бесіктен басталады. Қазақ халқы бесікті қастерлеп, оны […]
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН МЕКТЕПТЕН ҰҒЫНДЫРУ КЕРЕК
Кешегі аптада көпшілік бас қосқан бір жиында болған едік. Өзгенің қиындығын өсектеу тілге жеңіл емес пе, бір кісіден «бауырларының бәрі ажырасқан, өзі сүмірейіп әйелінің айтқанынан шықпай жаны қалып жүр» деп бір құрдасы жайлы айтқан жайсыздау әңгіме естідік. «Бала кезден бірге өстік, білем ғой. Әкелері ішімдікке құмар еді, тойып алып, әйеліне күн бермейтін. Сондай отбасында өскен […]
АЛЬФИР, АРТУР, АЙЛУНА, АЙЛИНЬ…
Біз бүгінде көп нәрсеге аса мән бермейтін болдық. Ұлттық болмысымызға тән болған нәрселер өзгеріске ұшырап жатса да оған көңіл бөлмейміз. Солай болуы тиіс сияқты. Осы орайда оқырман ортасына балаға ат қою рәсіміне қатысты оқшау ой тастамақпын. Жұртшылық бұған да мән беріп қараса екен деймін. Бір-бірін алғаш көріп, тілдескен адамдар ат сұрасып танысатыны белгілі. Дегенмен бұрынғыша […]



