Сахнаны қорлау сәнге айналып бара ма? «Платон менің досым, бірақ ақиқат одан қымбат». Ақиқатты бәрінен де жоғары қойған Аристотель Платонның шәкірті болса да оның кейбір философиялық көзқарастарымен келіспей, өз ұстанымын осылай ашық айтқан. Аристотельдің шыншылдығы мен батылдығы бүгін де қай қоғамда, қай салада болсын аса қажет қасиет. Өйткені, ақиқат айтылмай, астамшылыққа ауыздық, жалғанға тоқтам жоқ. […]
Метка: әдеп
Баланы қатыгездікке тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба?
Таяуда Сайрам ауданында бір жеткіншек қыздың құқық қорғау орындарына өз анасының үстінен шағымданғаны жөнінде естідік. Ата-анасы ажырасып, бала анасы жағында қалған болса керек. Қыз анасын «жағдайымызға қарамайды» деп кінәлаған көрінеді. Осы шағым негізінде жұмыс істегендер қызды арнайы интернатқа орналастыруды ұйғарған. Осылайша, әлгі жеткіншек қыз өзінің жағдайды қалай артық қыламын деп тыртық қылып алғанын аңғармай да […]
Ата-әже — жайлы өмір, немере — телефон іздейді
Немесе ұрпақтар сабақтастығы үзіліп бара ма? Таяуда Сауран ауданына жолымыз түсіп, сондағы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болдық. Мамандарының айтуы бойынша орталық күнделікті бірнеше ондаған адамға қызмет көрсетеді екен. Яғни зейнеткер қарияларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмектеседі. Біз осындағы массаж кереуетінің қызметін пайдаланып жүрген Қатира есімді кейуананы сөзге тартып көрдік. Кейуана орталықтың қызметін, көмегін, қызметкерлерінің жақсылығын […]
ҚҰМАР ОЙЫНҒА ҚАТЫССАҢЫЗ ҚЫЗМЕТТЕН АЙЫРЫЛАСЫЗ
Атап айтқанда, аталған Заңның 12-бабының 1-тармағы «Ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды» деген мазмұндағы тармақшамен толықтырылды. […]


