Біле жүріңіз

Стоматологиялық көмекпен байланысты жұқпалы аурулар дегеніміз не?

Халыққа стоматологиялық көмек көрсету медициналық көмектің ең көп тараған түрі болып табылады. Бұл ретте стоматологтың қабылдауында жіті және созылмалы іріңді-септикалық аурулар, вирустық гепатит В немесе С, АИТВ жұқтырған науқастар да болуы мүмкін. Көп жағдайда емделушілер өздерінде бар түрлі жұқпалар туралы білмей, басқа пациенттер мен персонал арасында ауруханаішілік инфекциялардың таратушы көздері болып табылады. Сондықтан, барлық емделушілерді […]

Әлеумет

АРБАҒА ТАҢЫЛҒАН ҚАРИЯ 3 ЖЫЛДАН СОҢ АЯҚҚА ТҰРДЫ

Шымкент қаласының тұрғыны, 65 жастағы Жасұзақ Нұржанов осыдан 3 жыл бұрын инсульт алған. Науқас ауыр дерттің салдарынан мүгедектер арбасына таңылып, қайта сауығудан күдер үзеді. Бірақ «Атамекен» оңалту орталығының дәрігерлері қарияға МӘМС аясында үздіксіз оңалту шараларын көрсетіп, жақында аяққа тұрғызды. Инсульт мидың ұзақ мерзімді зақымдалуына, мүгедектікке, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан аталмыш дертпен күресте науқастың ерік-жігері […]

Оқшау ой

Жеңгелердің «Қол ұстатар» сұрағаны дұрыс па?

Немесе Қолыңызды кім ұстап, шашыңызды кім сипап жүр, бойжеткен?      Әуелден ата-баба аманатына адал болған ұлтымыздың көптеген салт дәстүрлері қазіргі қоғам талабына қарай жаңғырғанын байқап жүрміз. Заманына қарай адамы емес амалы өзгергенін көзбен көрген сайын көңілдің кірбіңі молая түскендей.     Бұрындары қызға құда түсіп, қалың мал төлеген соң, жігіт қалыңдық ауылына ұрын келетін. Бұрын соңды […]

Өмірдің өзі

Шымкентте Құран жаттаған 8 қыз тәж киді

Қари атанған аруларға деген құрмет-қошемет Шымкент қаласы Еңбекші ауданының «Тура жол» мешітінде өткен салтанатты шарада көрсетілді. Құранды толық жаттаған 8 қариға құрмет көрсету шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Еңбекші аудандық мешітінің имамы Ербосын Орын, аудандық қыз-келіншектер секторының ұстазы Гүлжан Қонарбайқызы арнайы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Тәж кигізу дегеніміз не? […]

Біле жүріңіз

«ҚАРА КАССА» ОЙНАП, ҰМРАҒА БАРУҒА БОЛА МА?

Қазіргі таңда ұмра сапарына барудың жаңа бір тәсілі пайда болды. Яғни, бірнеше адам «қара касса» ойнап, араларынан кезекпен бір адамды ай сайын ұмраға жіберіп отырады. Мәселен, он кісі бірігіп, әр айда біреуін ұмраға жіберу мақсатында «черная касса» ойнайды. Ұмра сапарының қаражаты 700 мың теңге болса, әрбірі сапарға шығатын адамға 70 мың теңгеден жинап беруге келіседі. […]

Басты жаңалықтар Қоғам

Жемқордың ақшасына мектеп салуға қарсымын

«Өзге пікір» газетін ұдайы оқып тұрамын. Өткен аптадағы санында «Жемқордың ақшасына мектеп салына береді» деген мақаланы оқып, соған қатысты өз пікірімді білдіргім келді. Жемқорлардан қайтарылған ақшаны қайда жұмсаса да Үкіметтің өзі біледі, бірақ мектепке емес. Мешітті де адал табыспен келген қаражатқа салу керек дейді ғой. Олай болса лас жолмен табылған, иесінен мәжбүрлікпен алынған ақшаны елдің […]

Біле жүріңіз

Таразының туралығына сенесіз бе?

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшем бірліктерінің тізбесі жыл сайын уәкілетті органдар тарапынан қайта қаралып тұрады – олардың бірқатарлары тізімнен алынып тасталынып жатса, басқалары керісінше мемлекеттік бақылау қажеттілігіне байланысты, тізімге енгізіліп тұрады. 2023 жылдың соңында  Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі «сауда-коммерциялық операциялар кезіндегі тауарлардың массасын өлшеумен» толықтырылды. […]

Құқық Мәселе

Ата-ананы алдап жүрген кімдер?

       Аттап бассаңыз алаяққа тап болатын заман келді ме дерсің. Теледидарды қоссаңыз да, газетті ашсаңыз да, әлеуметтік желіге кірсеңіз де алаяқтардың қармағына ілігіп, сан соғып, зар еңіреп жүргендерді кездестіресіз. Соларды көрген сайын алаяқтардың қармағына түспеуге қанша тырысқанымызбен, кейде өзіңіздің де қалай арбалып қалғаныңызды сезбей қаласыз. Олар алдау-арбаудың неше түрлі сценарийін ойлап тауып, оны сәтті жүзеге […]

Біле жүріңіз

Майлау материалдары мен арнайы сұйықтықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары

 Майлау материалдары қозғалатын механизмдерде үйкелісті азайту және станоктарда құрылымдық және басқа материалдарды механикалық өңдеу кезінде заманауи техникада кеңінен қолданылады. Арнайы сұйықтықтар техникада қолданыстық зат ретінде, сондай-ақ салқындатқыш, бөлетін немесе мұздануға қарсы агенттер ретінде пайдаланылады. Мыналар майлау материалдарын, майлар мен арнайы сұйықтықтарды (бұдан әрі – өнім) айналымға шығару, айналуы, пайдалану және қайта өңдеу (кәдеге жарату) кезінде […]

Біле жүріңіз

Қазақтың қасиеті

Ақ таңның  атқаны мен қызарып күннің батқаны, қым-қуыт қарбалас тіршіліктің көп көрінісін елеусіз ететіні белгілі дүние. Сол тынымсыз тіршілікте әрбір адамзаттың амал әрекеті әлімсақтан қалыптасқан қасиеттерден хабардар ететінін аңғара білу – болашақ ұрпақты тәрбиелейтін әрбірімізге сабақ секілді.    Екінің бірі білмесе де көпшілік естіп, көріп жүрген мына жайттан бастасақ.    Екіқабат келінінің алдын кесіп өтпейтін […]