Мегаполистің қазіргі стадионы жанкүйерге тарлық етуде. «Футбол ойындарында Қажымұқан атындағы стадионға көрермен симай кетеді». Осылай дейтін оқырман көп. «Ордабасы» командасы ел чемпионы атанды. Қазақстанның намысын қорғап, Европаның чемпиондар лигасында өнер көрсететінін ескерсек, Шымкентке келетін шетелдік футбол командасы мен олардың жанкүйерлерін қабылдауға бірнеше жыл бұрын ғана жөндеуден өткен қазіргі стадион қауқарсыз болғаны ма? Ілияс ЖОЛДАСОВ, Сейдахмет […]
Қоғам
Атмосфералық ауаны ластау мәселесіне мән берілуі керек
Көптеген зерттеулерге сүйенсек, қалалардағы ауаның тұрақты және жаппай ластануы халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетінін көрсетеді. Бірінші кезекке шаңды, яғни атмосфераны ластаудың ең жиі және ең көлемді түрі ретінде қою керек. Шаң мұрынның және мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығының семуін және эрозиясын, трахея мен бронхтың катаральды ауруын, өкпе туберкулезінің өршуін, бронх демікпесінің ұстамаларын тудыруы мүмкін. Шаң жиі […]
ТЫЙЫММЕН ТЫЙҒАН
Тыйым – халықтың тәлім- тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Ғұлама ғалым Әл-Фараби айтқандай «Адамға бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дегеніне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады. «Қайық білмегенін кемеден сұрайды, халық білмегенін көнеден сұрайды» деген нақылды негізге алып, әжелерімізден естігенімізді оқырманға жеткізе білсек деген оймен […]
Шымкент: Кәсіпкерлер палатасында қызылшаға қатысты сақтық шаралары түсіндірілді
Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында Денсаулық сақтау саласы кеңесінің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Бекайдар Нұрмашевтың модераторлығымен өткен жиынға Палата директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев, Шымкент қалалық санитарлық-экпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова және жекеменшік емханалардың басшылары қатысты. Кеңес отырысында қазіргі таңдағы эпидемиологиялық ахуал, оның ішінде қызылша дертіне қатысты санитарлық жағдай талқыланды. Жауапты мамандар дерттің алдын алу […]
Шымкентте дуальды оқытуды ұйымдастырушылар марапатталды
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында салтанатты жиын өтті. Онда үшінші мегаполистегі дуальды оқыту жүйесіне қатысушыларға марапаттар тапсырылды. «Жуырда ғана 25 қазан – Республика күні өтті. Бұл – еліміздегі ең ұлық күндердің бірі. Мерекеге орай «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратының және өзіміздің атымыздан марапатымызды табыстауға рұқсат етіңіздер. Сіздер Шымкенттегі дуальды оқыту жүйесіне бірнеше жылдан бері белсенді қатысып, […]
Тілің барда – күнің бар
дейді тіл жанашыры Қабыл Дүйсенби Қабыл ағамыздың туған тілін сүюі, әдебиетке жақындығы ана сүтімен дарыған қасиет. Мектепте оқып жүргенінде Төлеби аудандық «Ильич жолы» және «Қазақстан пионері» газеттеріне мақалалар жазып тұрған. Журналист болу оның бала күнгі арманы болғанымен, Алматыға жолы түспей, 1975 жылы Шымкенттегі Қазақ химия-технологиялық институтына (ҚазХТИ) студент болып қабылданады. Қабыл Тұрарұлының хакім Абайдың «Ақырын […]
Субсидия бойынша ақпараттық жүйенің жұмысы талқыланды
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында ауыл шаруашылығы салалық кеңесінің отырысы өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің қызметіне қатысты мәселелері талқыланды. Салалық кеңеске ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Нұртөре Қалдыбаев, Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Талғат Мекамбаев және шаруалар қатысты. Айта […]
Бала қандай мектепте оқуы керек?
«Білім беру ұйымдары қандай талаптарға сәйкес болуы тиіс» Білім беру ұйымдары «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес болуы тиіс. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды: Жалпы білім беру ұйымдарының және білім алушылар мен тәрбиеленушілердың тұратын орындарын […]
Қуыршақ театры көп болса
Әркімнің пікірі өзіне қымбат. Сондықтан басқаны қайдам, мен өзім театр — дамығандықтың белгісі деп есептеймін. Мынау Еуропа мен Америкада көпшілік бос уақытын театрда өткізуге тырысады екен. Ертелі-кеш бұл үрдіс бізге де келетініне сенімдімін. Мен бүгінде Қарағанды облысының Теміртау қаласында тұрамын. Бала күнімде ауылға келген қойылымдарды жібермей тамашалаушы едім. Ол кезде ауыл шалғайда болғанына қарамастан Талдықорған, […]
Дезинфекциялау
Емдеу мекемелерінде дезинфекцияларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар Емдеу – алдын алу мекемелері – бұл халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін және алдын алу шараларын жүзеге асыратын медициналық мекемелер жүйесі. Атап айтқанда, оларға науқастарды стационарлық емдеуге арналған әртүрлі саладағы аурухана мекемелері, амбулаторлық – емханалық мекемелер мен диспансерлер (туберкулезге қарсы, тері – венерологиялық,психо – […]









