Мәселе

Түркістан: Оқушылар арасында қатыгездік өршіп тұр

Әскердегі әлімжеттіктен қорқып ата-аналар балаларын Отан алдындағы парызын өтеуге жіберуге қорқатын дәрежеге жетті. Ендігі жерде балаларын мектепке жіберіп те жанын шүберекке түйіп отыратын болды. Өткені, күн сайын неше түрлі сорақы оқиғалар орын алуда. Келес ауданындағы ауыл мектебінің оқушылары арасындағы төбелес әлеуметтік желі арқылы бүкіл елге тарады. Астанадағы мектептердің бірінде оқушы баланың жоғарғы қабаттан құлағаны жұртты […]

Мәселе Шымкент

Жапырақты не істейміз?

Мен табиғатты қорғау мәселесіне жіті көңіл бөлетін адаммын. Айналаны ластамау, лажы болғанынша көгертіп, көктетуге үлес қосқанды қалайтындықтан бала-шағама да ағаш егіп, гүл өсіріп, ауланы көгалдандырып отыруды насихат етіп жүремін. Айтайын дегенім, күз келіп, ауладағы ағаштардың жапырағы сарғайып, түсе бастады. Сарғайған шөпті де орып, бау-бақшаны реттейтін кезең. Бірақ, сол жапырақты не істеу керегін білмей жылда дал […]

Құқық Мәселе

Келес ауданында бала құқын қорғау туралы жиын өтіп жатқанда…

баланың құқы бұзылды                                «Халыққа бір тиын пайдасы жоқ ай сайын бас қосқан жиын болады…». Мұны айтқан ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Мөңке би. Болашақты дәл болжаған бабамыз ай сайын жиын болады десе, қазір күн сайын, тіпті бір күнде бірнеше жиын болатын жағдайға жеттік. Ал пайдасы қане?  Сөзімізге тұздық ретінде айтайық, осы жылдың 21 қыркүйек […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Шымкентте балалар уланып жатыр…

ал құзырлы орындар дәрменсіз Өткен аптаның бейсенбісінде Шымкент қаласындағы №99 мектеп-гимназиясының ата-аналарына ортақ вацап желісіндегі чатында аяқ асты шу басталды да кетті. Мәселе былай екен. Мектептің іргесіндегі дүкеннен осы мектептің оқушылары күмәнді бір затты алып жеген. Салдарынан бірнеше оқушы ауырып, сабаққа бара алмай үйінде жатып қалған. Чаттағы жазбаларға назар аударсақ, Әдия есімді ана былай дейді: […]

Мәселе

Домбыра харам ба?

Әлеуметтік желіде кейбір іні-қарындастарымыздың «домбыра шерту, беташар жасау, келіннің сәлем салуы – харам» деген мағынада айтқан пікірі қоғамда түсінбеушілік тудыруда. Осыған байланысты азаматтар тарапынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сауалдар келіп түсуде. Ислам әлеміндегі танымал ғұламалардың бірі де бірегейі Имам әл-Ғазали мен Әбу Ханифа мәзһабының көрнекті ғалымы Абдул-Ғани ән-Нәбулусидің көзқарасы бойынша дінді насихаттау, халықты отансүйгіштікке, имандылыққа, […]

Мәселе

Кентауда мұғалімдер жалақысыз отыр

Қымбатшылық қысқан заманда айлық шайлыққа жетпейді. Киер киімді айтпағанда, ішіп-жемге жеткілікті пұл табудың өзі оңай емес. Соның салдарынан бүгінде елімізде қарапайым тұрғындар арасында банкке қарызы жоқ жандарды кезіктіру қиындады. Несиесін төлеуді бір күн кешіктірсе пайызды үстемелеп қосып отыра беретін банктерді адамдардың жалақы алған-алмағаны немесе кешіккені қызықтырмайды. Ал екі-үш айлап жұмыс істегенімен қолына жалақы алмағандардың кінәсі […]

Құқық Мәселе

Шымкенттің аңдары шай ішіп, тосап жейді

Шымкент зообағындағы аң-құстың қандай тамақ жейтінің білесіз бе? Сіз ойлағандай «ауру малдың етін залалсыздандырып әкеп зообаққа өткізеді» немесе «арнайы есек бағады. Соның етін береді» деген пікірлер негізсіз.Ондағы жан-жануарлар сіз бен біз жеп көрмеген тансық ас ішеді екен. Мемлекеттік сатып алу сайты арқылы Шымкент зообағы жылдың алғашқы 6 айында жануарларға деп 2 кг құрғақ шәй, 30 […]

Мәселе

Білім саласындағы «дерт» асқынып барады

Соңғы кездері Түркістан облысының білім саласына қатысты сын көп айтылып кетті. Кей аудандарда бірқатар білім ошақтары 1 қыркүйекке оқушы қабылдауға дайын емес деген күдік бар. Сарыағаш ауданында тұрғындармен кездескенде облыс басшысы Дархан Сатыбалды мердігерге: «1 қыркүйекте балалардың қайда баруы керектігін ойладыңыз ба? Өтірік уәдені қойыңыз. Көтере алмайтын шоқпарды белге байлаудың қажеті жоқ. Бір апта мерзім […]

Мәселе

Шымкентте 2 жасар бала уксус ішіп қойды…

Шілденің 11-і күні ересектердің қарауынсыз қалған 2 жасар бала байқаусызда сірке суын ішіп қойғаны туралы хабарлама келіп жетісімен жедел жәрдем қызметі балақайды Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізген. «Ауыр халде ауруханаға жеткізілген баланың ауыз қуысы толықтай күйіп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер бүлдіршінге шұғыл көмек көрсетіп, сәбидің өмірін сақтап қалды» деп хабарлайды қалалық […]

Мәселе

Отырарда Президент тапсырмасы орындалмай отыр

Отырарлықтардың халі мүшкіл. Біз сөз еткелі отырған 250-ден аса отбасы, 2700-дей тұрғыны бар Қарғалы ауылдық округінің орталығы саналатын – Отырар ауылы. Ауылда жұмыс жоқ. Тұрғындар егін егіп, мал бағып қана күн көреді. Бұл екі шаруашылықты дамыту үшін су керек. Су тапшылығынан ауылда егілген егіс қурап, еңбек еш кетуде. Тұрғындар мыңғырған мал былай тұрсын, торғай қанып […]