Мектеп оқушыларының тамақтану тәртібі мен мәдениеті кейінгі кезде биік мінберлерден де айтылып, мемлекеттік деңгейде мән беріле бастады. Халық қалаулылары да мектеп оқушыларын сапалы ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Мәселен, мемлекет тарапынан мектепте оқушылар ыстық тамақпен қамту 90 пайызды құрап отыр дегенмен оқушылардың әлеуметтік жағдайына қарайғана қамтылып отырғаны белгілі. Оқушыларының ішінде жетім, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балалары тегін ыстық тамақпентамақтандырылады. Тамақ ішудің жекелеген уақыттарды мектептегі сабақтың басталуына, олардың ұзақтығына, мектеп пен үй арасындағы жолға кететін уақытқа байланысты біршама ауысуы мүмкін. Мектеп ыстық тамақтың міндетті түрде берілу қажеттілігін атап өткен жөн. Жоғары сынып оқушылары мектепте 5-6 сағаттан, егер үйірме, секцияларға және т.б. қатысуға қалатын болса, кейде одан да көп уақыт болады. Сөйтіп, ертеңгілік тамақ пен түскі астың арасындағы үзіліс 7 сағатқа, тіпті одан да көпке созылып кетуі мүмкін. Бутерброд, бәліш, тәтті тағамдар ыстық асқа деген ағзаның қажеттілігін өтей алмайды, құрғақтай тамақ жеу де зиянды. Мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тамақтану оқушының үлгерімі мен жұмыс қабілеттілігінің артуына жәрдемдеседі. Мектептегі тамақтың сауықтыру әсері тәрбиелеуге мәнмен үйлестіріледі – болашақ өмірде режим сақтау әдетін баянды етеді.Қазіргі мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтитын асханалар бар.Өзге бір маңызды талап – көлемі және калориялығы бойынша қабылдауға тамақты дұрыс бөлу. Таңертеңгіліқ ас қою, тығыз болсын; түскі аста негізгі тамақ қабылданады; кешкі ас калориялығы жөнінен таңертеңгіліқ аспен бірдей болып ұйқыға кемі 1,5-2 сағат қалғанда ішілуі керек. Тамақты өте кеш, ұйықтар алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май жиналуына себепші болады.Кейде үйықтар алдында бір стакан айран ішкен пайдалы. Бұл ретте кешкі ас жеңілдеу болғаны жөн. Дұрыс құрастырылған тамақтану рационының құрамында сұйықтың жеткілікті көлемі болады. Дегенменде денеге елеулі ауырлық түскенде, жорық күндері, жазда сүйық-сусынның қажеттілігі артады, өйткені тер бөлінуі күшейеді. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет. Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу); 2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді. Таңертеңгілік асты оқушылар мектептегі үшінші сабақтан кейін, яғни таңертеңгі бірінші астан кейін 3-3,5 сағат өткеннен кейін қабылдау керек. Бұл ас ет не балығы бар, гарнирлі ыстық ас және шәй. Түскі асқа салат немесе венегрет, сорпа, ет не балығы бар гарнирлі екінші тамақ, компот немесе кисель ұсынылады. Тамақ әр түрлі болуы үшін азық-түліктің түрін көбейтіп қана қоймай, сондай- ақ олардан түрліше тағамдар дайындау қажет.
«Сіздің тағамыңыз – дәрі, ал дәріңіз- тағам болуы тиіс» деген сөзін еске алайық. Салауатты тамақтану – өнімдердің пайдалы қасиеттерін ескеріп, қолданатын тамақтану. Салауатты тамақтану ұстанымдарын қадағалау организмнің ақуыздарға, майларға, көмірсуларға, дәрумендерге, макро- және микроэлементтерге, басқа да көптеген қоректік заттектерге барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді, осы арқылы:
– өсу үстіндегі организмнің қалыпты дамуына ықпал етеді,
– жақсы денсаулық пен ұзақ жасауды қамтамасыз етеді,
– иммунитетті арттырады,
– ақыл-ой еңбегі қабілетін жақсартады,
– дене шыдамдылығын жақсартады, – көптеген аурулардың дамуының алдын алады.
А.Монтаева, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы СЭББ-ның бас маманы.