Балық және балық өнімдерін ішкі сауда объектерілерінде орналастыруда олардың осы Техникалық регламенттің талаптарына, ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өнімнің қауіпсіздігін және бақылануын растайтын құжаттардың (ветеринариялық сертификат, тауарлық ілеспе жолдама құжаттама) болуын қамтамасыз ету қажет.
Балық және балық өнімдерін өткізу адамның денсаулығы мен өміріне арналған өнімдердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринария, денсаулық сақтау, тамақ өнімдері мен сауда қызметіндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілуі тиіс. Тірі балық тағамдық өнім ретінде сатылар алдында табиғи тіршілік ортасынан алынуы тиіс не табиғи тіршілік ортасынан алынғаннан кейін тіршілік әрекеті аяқталатын мерзімнен аз уақыт ішінде сатылуы тиіс.Өндірістік үй-жайлардың орналасуы технологиялық процестердің ағымдылығын қамтамасыз етуі және шикізат пен қалдықтардың ағымының дайын өнімнің ағымымен қиылысу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Кәсіпорын үй-жайлары желдеткіш, сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерімен жабдықталуы тиіс. Кәсіпорынның қуаттылығы мен қызмет түріне қарамастан, өндіру (дайындау) процесінде:
1) технологиялық процестердің ағымдылығы;
2) лас процестердің тазаларынан оқшаулануы қамтамасыз етіледі.
Балық өнімдерін өндіру (дайындау) цехтары ауаның жағымсыз иістерін, шаңын және басқа да ластануларды жою үшін мәжбүрлі желдеткішпен жабдықталады. Балықпен жанасатын барлық беттері тоттануға төзімді, су өткізбейтін материалдардан жасалуы тиіс және ашық түспен боялған, тегіс жеңіл жуылатын болуы тиіс. Қабырғалар мен арақабырғалар тегіс және технологиялық процестерді қамтамасыз ету жеткілікті биіктікте болуы тиіс.
Төбеде және ілулі арматураларда кірдің жиналуы, тамақ өнімдеріне бөгде заттардың түсуіне және ылғалдың немесе көгерудің пайда болуына жол берілмейді.
Кәсіпорынның барлық үй-жайларындағы едендері тегіс, жылтыр, су өткізбейтін материалдармен жабылады және ағынды сулардың кәрізге түсуін қамтамасыз ететіндей құрастырылуы тиіс.
А.Исабекова, Әл-Фараби ауданы СЭББ-ның басшысы.