Әлеумет

Күрделі оталар сапалы жасалуда

Т

Түркістан облысындағы Ленгір қалалық ауруханасы заманауи диагностикалар мен емдеу тәсілдерін ұсынады. Өйткені, ауруханада заманауи талаптарға сай лабораториялық құрылғылар, рентген аппараттары және соңғы үлгідегі компьютерлік томография, эндоскопиялық аппарат құрылғылары орнатылған.

Науқастарға жоғары сападағы медициналық көмек көрсету мақсатында жуырда хирургиялық және гинекологиялық оталарды дамытуға арналған шеберлік сабағы болып өтті. Іс-шара барысында он шақты науқасқа күрделі ота жасалды. Қазіргі таңда аурухана дәрігерлері жоғары сападағы медициналық көмекті ұйымдастырып, күрделі оталарды жасап жатыр. Атап айтсақ – хирургиялық оталар, яғни шап жарықтарын лапароскопиялық жолмен қалпына келтіру, он екі елі ішек және асқазан перфоративті жараларын лапароскопиялық жолмен тігу, лапароскопиялық аппендэктомия, лапароскопиялық мезоректумэктомия.

Сонымен қатар, гинекологиялық оталар: қынап арқылы жатырдың лапароскопиялық экстирпациясы, жатырдың қынап арқылы экстирпациясы, жатыр қосалқыларына жасалатын лапароскопиялық оталар, лапароскопиялық консервативті миомэктомия, Ле Фор бойынша қынап пластикалары жасалады. Травматологиялық оталар: сүйектердің жабық репозициясы, буынішілік және буын маңы сынықтарына остеосинтез оталары, сіңір үзілулерімен қатар ахиллопластика және бұғана байламдарына пластикалық оталар жасалынуда.

Білікті мамандардың толықтырылуына байланысты ауруханамызда заманауи оталар жасау мүмкіндігі артып отыр. Сондықтан ем алуға біздің ауруханамызға келіп жүгінсеніздер болады, жоғарыда аталған оталарға МӘМС аясында тегін толық қол жеткізуге болады.

О. Буриханов,

Ленгір қалалық ауруханасының басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *