Әлеумет

МҰҚТАЖ ЖАНҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

   Төлеби ауданы Зертас ауылында тұратын жалғызбасты ана Ақмарал Тұрысбекова қаншама жылдан бері баспанаға мұқтаж болып келді. Ауылдық округ әкімінің бастамасымен жақында елді мекен халқы қаражат жинап, Ақмаралға арнап тұрғын үйдің іргетасын қалады. Еріктілер мен округ тұрғындарының қамқорлығымен үйдің қабырғасы әп-сәтте көтерілді. Тұрғын үйді аяқтау үшін қалған қажетті қаражатты Зертас елді мекенінің тумасы, Түркістан облыстық мәслихатының […]

Мәселе

СЕНІМГЕ СЕЛКЕУ ТҮСУДЕ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сенімгерлік басқаруға берілген медициналық ұйымдарда болып, олардың халыққа көрсетіп отырған қызметтерін тексерді. Мысалы, 2021 жылы «АУХАЛ» ЖШС-нің сенімгерлігіне өткен қалалық №2 емхананың материалдық жабдықталуында әлі де болса өзекті мәселелер бар.  Екі блоктан тұратын емханада ересектерге және балаларға медициналық қызметтер көрсетіледі. Мұнда қазір 400-ге жуық адам жұмыс iстейдi, оның ішінде 108-і […]

Басты жаңалықтар Мәселе

Келесте директор мен мұғалімнің теке-тіресі сотқа дейін жетті

          Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде «Жалған диплом жарға жығады» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын. Онда Шардара ауданындағы «Жаушықұм» және Келес ауданындағы «1 мамыр» мектептерінің директоры еліміздегі жоғары оқу орындарына сұрау салу арқылы әр мектептен бірнеше жалған дипломмен жұмыс істеп, «жалған ұстаз» атанып жүргендерді анықтағанын айттық. Мақала соңында «осы бастама басқа білім ошақтарында да жалғасын […]

Мәселе

Жалған диплом, жалған санат – білім саласындағы басты дерт

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, жоғары санатты ұстаз, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, қоғам белсендісі: — Әлеуметтік желіде «дауысыңыз қатты шығып» жүр… — Ашынғаннан шығады ащы даусым демекші, соңғы кездері білім саласындағы жайсыз жайттар жанайқайыма себеп болуда. Мамыр айында Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысы еліміздегі бес мұғалімнің үстінен Ішкі істер министрлігі мен Бас Прокуратураға шағым жазған. Соның бірі менмін. Абырой болғанда, […]

Қоғам

Ауырсақ неге Ташкентке аңсарымыз ауады?

Тосын сұрақ  Шымкенттіктердің көбі ауыра қалса «Ташкентке бару керек. Ташкенттің дәрігерлері жақсы» дегенді жиі айтады. Расымен солай ма? Біздегі медицина әлі дамымағаны ма? Әлде білікті дәрігерлер аз ба? Мүмкін «Ташкентте профессор бар…» деген баяғы стереотип түсініктің жетегінде жүрміз бе? Мамандар не дейді?  Бақытжан ПОЗИЛОВ, Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері: – Бұл пікір дұрыс емес. […]

Біле жүріңіз

Йод тапшылығына ұрынбаңыз

Йод — адам ағзасының маңызды бөлігі. Йод тапшылығы мәселесі әлемдік денсаулық сақтау  саласында маңызды мәселелердің бірі болып табылады.  Йод жетіспеушілігі ағзаға қалыпты қабылданып отыратын йодтың жеткілікті дәрежеде болмауынан пайда болады.  Йод қалқанша без гормондарының  (тиреоидты гормондар) түзілуінің таптырмас қатысушысы. Бұл гормондарды ағзаның барлық барлық органдары мен жүйелері қажет етеді. Йодтың жеткілікті мөлшері адамды физикалық және […]

Біле жүріңіз

Қызылшадан сақтанайық!

Қызылша –ауа тамшы арқылы берілетін, клиникасы циклді ағымымен, дене қызуының көтерілуімен, интоксикация белгілерімен, катаральды синдроммен, макулопапулезді бөртпемен сипатталатын,  өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы ауру.   Бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болса, жұқтырып ауырып қалу мүмкіндігі өте жоғары. Ауру байланыс және ауа арқылы ауа-тамшы жолымен таралады. Вирус сыртқы ортаға ауырған адам […]

Құқық

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алайық

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.  Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға […]

Өмірдің өзі

Тағамнан уланудың алдын алуға болады

Тағамнан улану дегеніміз – микробтармен және оның токсиндерімен, яғни уларымен ластанған азық-түлікті пайдалану салдарынан жедел пайда болатын, адамнан-адамға жұқпайтын аурушаңдық. Тағамнан уланудың жалпы белгілері: аурудың тез арада жедел түрде басталуы, тез жазылуы, бір уақытта біраз адамның ауруы, аурудың белгілі бір тағаммен байланыстылығы, сезікті тағамды тоқтатқан соң аурудың тоқтауы. Бактериялар мен микробтар ылғалды, жылы және қоректік […]

Мәселе

Шымкентте нәтижесі жоқ жұмыстар көп

 «Биылғы қыс қатты суық болмайды. Шаруаға жайлы болады, қар да анау айты көп жаумайды екен…» Шымкенттіктер «келісіп алғандай», ауа-райына қатысты осындай болжам айтып жүр. Қыстың аты қыс. Қанша айтсақ та, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында сыртқа жазғы көйлекпен шықпасымыз анық. Үй егесі мен коммуналдық шаруашылыққа жауапты сала мамандары да қысқа дайындық шаруасына қазір жүрдім бардым қарап […]