Uncategorized

Жаз жайнатып, күн күлдіріп…

Балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыруға арналған ұсыныстар: Тамақтан уланудың белгілері: * Жүрек айнуы; * Құсу; * Асқазанның бұзылуы; * Диарея. Улану кезінде емдеуді дереу бастау керек, өйткені мұндай жағдайда әрекетсіздік әртүрлі асқынуларға әкеледі. Тамақтан улану кезінде дереу дәрігерге жүгіну қажет! Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы барлық қажетті талаптарды сақтау аурулардың алдын алуға, балалардың физикалық және психикалық дамуына […]

Uncategorized

Тұрмыстық қалдыққа мұқият болайық

Қоршаған ортаның ластануына бірден бір себепші – қатты тұрмыстық қалдықтар. Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу өрт, т.б). Антропогендік ластану адамның […]

Uncategorized

Жазғы демалысты қалай ұйымдастырамыз?

Балалардың жазғы демалысы жақындап қалуына байланысты,  мектеп оқушылары қарқынды оқу жылынан кейін жазғы демалыс кезінде жазғы сауықтыру  орындарында демала алады. Осыған байланысты жазғы сауықтыру лагерлерін, оның ішінде жазғы мектеп жанындағы алаңдарды жазғы сауықтыру маусымына дайындау мәселелері ең өзекті сұрақ болып табылады. Биыл Шымкент қаласында жазғы кезеңде 1 («Үш бұлақ») сауықтыру лагері жұмыс істейтін болады, сондай-ақ […]

Uncategorized

Салқындатқышты қалай тазалап жүрміз?

Салқындатқышты (кулерді) санитарлық өңдеу Заманауи су салқындатқыштары үнемі тазалау жұмыстарын қажет ететін құрылғы. Құрылғыларды санитарлық тазалаудан өткізіп тұру ең маңызды шарт, өйткені олардың жұмысы кезінде қақ пен микробтар жиналады. Бұл әсіресе балалар мекемелеріне, ауруханаларға, қонақ үйлерге, спорт кешендеріне қатысты және санитариялық өңдеу жиілігін кем дегенде тоқсанына бір рет жүргізген абзал. Салқындатқышты зарарсыздандыру үшін сізге таза […]

Мәселе

Мақтааралдағы қатыгездіктің соңы – қасірет…

13 мамыр күні кешкі мезгілде Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакентте оқыс оқиға орын алғаны белгілі. Еске салар болсақ, қоғамдық орында әйел, бала-шағасының көзінше шапалақ жеген жігіт ашуға булығып, қасақана көлігімен адам қаққан. Бұл даудың не себепті туындағаны туралы толыққанды мәліметті ресми орындар таратқандықтан, біз ол жағына қайтара тоқталғымыз жоқ.   Біз оқиғаның салдарына үңілгіміз келді. Жалпы, […]

Оқшау ой

Мектеп директоры 7 жылға сайлануы керек

Оқу ағарту министрі жуырда Талдықорғанда болғанда 7 жылдан артық отырған мектеп директорларын тексеру керектігін айтты. Бұл дұрыс емес. Біздегі шаш ал десе бас алатын жүйе бойынша енді директорлардың соңынан шам алып түсу басталады. Бүйте берсе бір күндері мектепке директор болып баратын адам таппай қалуымыз мүмкін. Бұл білім сапасына кері әсерін тигізеді. Бұл мәселеге қатысты менің […]

Әлеумет Шымкент

Әкімдерге бағаны тұрғындар береді

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен түрлі деңгейдегі қала, аудан әкімдеріне жүктеген міндеттемесінде қоғамды демократияландыру және билік құзыреттерін төменге беру үдерісін жалғастыруды тапсырғаны белгілі. Әсіресе, жергілікті жерде әкімдер күн сайын тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешуге күш жұмсамағы керек. «Тұрғындардың мәселесін жедел әрі тиімді шешу үшін оларға көбірек мүмкіндік беріліп жатыр. Бұл жұмыс та жалғасын табады. […]

Біле жүріңіз Өмірдің өзі

Сыры көп – Жапония

Әлем және біз Бірден айтайын, әзірге Жапониядай таза мемлекет көрмедім. Мұнда Small talk деген атымен жоқ. Яғни, мұнда бос әңгіме айтпайды. Жапондықтар акустикаға сезімтал болып келеді. Барлық жерде тыныштық. Метро, поезға кіргенде тыныштықты сақтау керек. Жалпы, көшеде келе жатсаң ең алдымен сезілетіні тыныштық. Айнала тып-тыныш. Автобус, такси, машиналарда музыка қосылмайды. Әйтпесе, қаншама халқы бар ел […]

Біле жүріңіз Шымкент

Жолайырықтың екінші кезеңін салу басталады

Шымкент қаласындағы Бәйдібек би –Арғынбеков көшелерінен салынып жатқан көп деңгейлі жолайырықтың маңызы мегаполис тұрғындары үшін өте жоғары. Қаладағы көлік қозғалысын реттеуге септігін тигізіп қана қоймай, бұл құрылыс нысаны бірқатар әлеуметтік мәселелерді де шешуге негіз болмақ. Әрі архитектуралық жағынан да еліміздегі үшінші мегаполистің кескін келбетіне үйлесім берері сөзсіз. Ең бастысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай […]

Қоғам

Мәдениеттің мерейін көтерген мамандар

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Мәдениеттің мерейін көтеріп, мәртебесін түсірмей жүрген сала мамандарының кәсіби мерекесі. Қоғамдық маңызы бар осынау мерекеде Түркістанда сала мамандарын салтанатты жағдайда құттықтау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, өнер және мәдениет саласының үздіктері қатысты. – Бүгін – жауапкершілік арқалап келе жатқан жандарға алғыс айтатын айшықты […]