Басты жаңалықтар Өмірдің өзі

Құстардың қайтуы – құпиялы құбылыс

Күздің алғашқы айы ортасынан ауды, жыл құстарының алды өздерінің қыстап шығатын жағына қарай ұшып жатыр. Қыркүйек айында көшті қарлығаш, қараторғай, бозторғай, шымшық, таушымшық, бұлбұл сияқты жәндіктермен қоректенетін құстар бастайды. Қазір, мысалы, қарлығаштардың алды алыс жол үстінде. Олар үнемі күндізгі уақытта ұшып отырады, баратын жерінің қашықтығына қарай бірі оған 35-42 күнде, енді бірі 2-3 айда жетеді. […]

Біле жүріңіз

Сіз Сүмбілені білесіз бе?

Ежелден табиғатпен біте қайнасып өмір сүрген халқымыз қоршаған ортадан көрген-білгендерінен ой түйген. Соған сай тұжырымдар жасап отырған. Қазақтың, әсіресе, астрономдардың өзін таңқалдыратын түсініктері көп. Соның бірі Сүмбіле жұлдызына байланысты. Қазір – тамыз айының ортасы ауған шақ. Ал бұл айды аталарымыз бұрын «сүмбіле» деп атапты. Себебі тамыздың үшінші онкүндігі шамасында көк жүзінде Сүмбіле жұлдызы пайда болады. […]