Шілденің аптап ыстығы күшіне мініп тұрған күндері әлеуметтік желілерде «Шымкентте көшедегі термометрлер 60 градустан асатын ыстықты көрсетті», «66 градусқа дейінгі температураны көрсетті» деп айтқандар да, жазғандар да аз болған жоқ. Аптап ыстықтан әбден әбіржігеніміз рас. Бұл жұртты алаңдатқан негізгі тақырып болды. Неге нақты жауап бермейді? Ал «күннің ыстығы 60, 66 градусқа дейін көтерілгені» қаншалықты шындыққа […]
Метка: ауа райы
Бөлмені қалай салқындатқан жөн?
Бүгінде жұртты аптап ыстық әбіржітуде. Үйді, кеңсені желдеткішпен, кондиционермен салқындатып әуреміз. Ал қандай да бір себеппен электр қуаты болмай қалса ше? Не істейміз? Мынадай тәсілдер есте болсын: Аса қажет болмаса, еденге төселген түкті кілемдерді уақытша жинап қойғанның көмегі көп. Бөлмеге әлсін-әлсін әбден мұздатылған су бүркіп, еденді жиі-жиі салқын суға шыланған шүберекпен сүртіп тұрсаңыз, жәрдемі тиеді. […]
Мұхит сулары қызып жатыр…
Әлемді әбіржіткен аптап ыстық Тынық мұхит сулары температурасының да қалыптағыдан ауытқып, 5 градусқа дейін жылынуына тікелей әсер етуде. Соның салдарынан, мысалы, Солтүстік-батыс Еуропадағы Ұлыбритания осымен қатарынан үшінші мәрте ыстық ауа массаларының «шабуылына» ұшырап отыр. Мұның бәрі «Эль-Ниньо» әскерінен. Ол – Тынық мұхиттың экватор аумағындағы судың беткі қабаты температурасының ауытқу құбылысы. Бұл – әрбір 2-7 жылда […]
Ақсары адамдар абайласын
Қазір шілденің нағыз ортаңғы кезі, күн ыстық. Осындайда теріні шектен тыс күйдіріп алудан сақ болған абзал. Әсіресе, бұл Оңтүстік өңір тұрғындарына қатысты. Өйткені, бұл маусымда күннің ультракүлгін сәулелерінің қуаты күшті болады. Біздің өңірде сағат 10.00 – 16.00 аралығында оның деңгейі өте жоғары. Мамандардың айтуынша, мұндайда әсіресе тері түсі ашық, аққұба, ақсары, шашы сарғыш немесе ақ […]
46 градус ыстық күтілуде
Бүгінде әлемнің көптеген елдерін ыстық «қуырып» тұр. Ал жазда климаты ыстық саналатын біздің өңірдің алдағы күн райы қандай болмақ? Бұған қатысты «Қазгидромет» ауа райын болжау орталығының филиалынан төмендегідей болжамдар алдық. Бұл айда Оңтүстік өңірге ылғал түсуі қалыптағыдан төмен болады. Бірінші онкүндік аздап жаңбырлы болды. Енді жаңбыр үшінші онкүндіктің соңына қарай ғана жаумақ. Екінші онкүндікте және […]
«КӨГІЛДІР АЙДЫҢ» ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?
Биылғы мамыр айы өзгеше астрономиялық құбылыс – Айдың бір айда екі мәрте толуымен ерекшеленейін деп тұр. Себебі бұл аспан денесінің толық фазалар циклі 29,6 тәулікке тең, яғни қолданыстағы күнтізбелік ай күндерінен аз. Ең қашық нүктесіне алыстайды Айдың төрт фазасы болатыны белгілі. Біріншісінде ай «туады», яғни көк жүзінде көрінеді, сосын толады да, біртіндеп «желініп» барып көрінбей […]
ЖАСАНДЫ ЖАҢБЫР
Қазақстан жақын жылдары Орта Азия аумағындағы жасанды жаңбыр технологиясын игерген алғашқы ел деңгейіне жетпек. Бұған қатысты Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық метеорология орталығымен бірлескен жоба іске қосылды. «Бұлт шақырып, жаңбыр жауғызатын» технологияның арқасында Түркістан облысында егістік жерлерді суғаруға және қоймаларды суға толтыруға мүмкіндік тумақ. Кейін оны басқа аумақтарға да қолдануға болады. Халықаралық бағалауларға сәйкес, жасанды жаңбыр […]
КҮН РАЙЫ ЖЫЛЫНА МА?
Республикалық ауа райын болжау орталығы сәуірдің соңғы күндеріндегі ауа құбылысы жөнінде болжамдарымен бөлісті. Бұл жөнінде «Zakon.kz» сайтында мынадай жайлар айтылады: Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыс аумақтарда түнде жауын-шашынды болады, жылбысқы қар жауады деп күтілуде. Кей жерлерде бұршақ жаууы, жел күшеюі мүмкін. Солтүстік, орталық облыстарда күн ашық, құрғақ ауа райы сақталады. Оңтүстікте 28-29 сәуірде, шығыста 29-30 сәуірде күн […]
КӨКТАЙҒАҚТЫ КҮНДЕР БАР
Қыстың бірінші айы да басталып кетті. Оңтүстік өңірінде желтоқсанның ауа райы қандай болады? Бұған байланысты «Қазгидромет» республикалық ауа райын болжау орталығы мынадай болжам жасап отыр: Желтоқсан айында ауаның орташа температурасы -5,2+0,9 градус аралығында, қалыпты деңгей шамасында болады.Сондай-ақ жауын-шашынның айлық мөлшері де қалыпты деңгей төңірегінде болмақ. Бірінші онкүндіктің соңында қар жауады деп болжануда. Айдың екінші онкүндігі […]
ҚАРАШАДА ҚАР БАР
Күздің соңғы айы да басталып кетті. Алдағы ауа райы қандай болады? «Қазгидромет» республикалық ауа райын болжау орталығының Оңтүстік өңірге қатысты алдын-ала жасаған айлық болжамында мынадай жайлар айтылады: Қарашада орташа айлық температура қалыптасқан шамадан 1 градустай жоғары, яғни +1,9 +7,6 градус аралығында болады. Бірінші онкүндікте түнде 0+5 градустан +5+10 градусқа, күндіз +10+15 градустан +17+22 градусқа дейін […]









